Тікелей эфир

Дәрі дефициті, диагностика және үйде емделу. Денсаулық министрлігі бұл мәселелерді қалай шешіп жатыр?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Бірнеше аймақ дәрі-дәрмектерді сатуды шектеген. Қалған өңірлер бөлшек сауда қауымдастықтарымен меморандум жасауды жоспарлап отыр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде Covid-19 диагностикасымен қамтуды көбейту және халықтың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу туралы сараптамалық брифингін өткізді.

Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу туралы

Пандемия басталғаннан бастап бірыңғай дистрибьютор 19 сатып алу рәсімін өткізген. Жасалған келісімшарттар шеңберінде коронавируспен күресу үшін қосымша дәрі-дәрмектер мен медицина заттары сатып алынған.

Вице-министрдің сөзінше, 6,5 млрд теңгеге жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек, медицина заттары мен жабдықтар сатып алынған. Қазіргі таңда медицина ұйымдарына 5,7 млрд теңгеге жеке қорғаныс құралдары мен дәрілік заттар жөнелтілген.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бекітілген бұйрыққа сәйкес амбулаторлық деңгейде жүзеге асырылады.

"Коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеу үшін 138,8 млн теңгеге 59 дәрілік зат сатып алынды. Аталмыш дәрілік заттар барлық өңірге жеткізілді. Медициналық ұйымдарда "Лопиновир", "Ритонавир" және "Гидроксихлорохин" дәрілері бар. "Ремдесивир" дәрісін сатып алу жұмыстары аяқталды, келісімшарт жасалды. Жақын күндері бұл дәрілер стационарларға жеткізіледі", – деді Людмила Бюробекова.

Вице-министрдің айтуынша, "Ремдесивир" коронавирустың күрделі түрін емдеуге аса қажет. "Фавипиравир" дәрісін емдеу шараларына қосқаннан кейін сатып алынады. Бірнеше өндірушілермен келіссөздер жүргізілген.

Медицина ұйымдарына коронавирустық инфекцияны емдеу үшін антибиотиктердің 16 түрі үздіксіз жөнелтіледі. Олардың қатарында:

  • 830 мыңнан астам "Азитромицин 500 мг" таблеткасы;
  • 980 мыңнан астам "Гентамицин" ампуласы;
  • 107 мыңнан астам "Меропенема" флаконы;
  • 2,5 млн-ға жуық "Метронидазол" флаконы;
  • 3,5 млн-нан астам "Цефтриаксон" флаконы және өзгелері бар.

Парацетамол дәріханаларға қашан келіп түседі?

Вице-министр коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай шиеленісіп отырғанын жасырмады. Қазақстанда науқастар мен коронавирусты симптомсыз тасымалдау жағдайлары тіркеліп жатыр. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оның ішінде бөлшек сауда желісінде кейбір препараттардың болмауы секілді мәселе бар.

"Расында, дәріханаларда парацетамол секілді ыстық түсіретін кейбір дәрілер сатылып кеткен. Қазақстанда парацетамолдың 80-нен астам түрі тіркелген. Парацетамол дәріханаларға жеткізіліуде. Алматы мен Нұр-Сұлтанда, Қарағанды облысының дәріханаларында бар. Алдағы 2-3 күнде қалған өңірлерге жеткізіледі", – деді Бюрабекова.

70 мың қаптама "Ингавирин" препараты, 49 мың қаптама "Тамифлю" препараты апта соңына дейін дәріханаларға түседі. Вице-министрдің сөзінше, оларды коронавирусты емес, ЖРВИ және тұмауды емдеу кезінде қолданады. Отандық өндірушілер шығаратын антибактериалды препараттар дәріханалар желісіне келіп түскен.

Бірнеше аймақ дәрі-дәрмек сатуды шектеген. Қалған өңірлер бір адамға екі-үш қаптамадан артық дәрі беруді шектеу үшін бөлшек сауда қауымдастықтарымен меморандум жасауды жоспарлап отыр. Себебі, емдеу курсынан өтуге дәл осындай мөлшердегі препараттар жеткілікті. Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары болған соң үйде дәрі-дәрмектер ұзақ уақыт тұрып қалмағаны жөн.

Коронавирустық инфекцияны бактерияға қарсы препараттармен емдеуге бола ма?

Денсаулық сақтау вице-министрі бактерияға қарсы препараттар вирустық инфекцияны емдеу үшін қолданылмайтынын еске салды. Бекітілген емдеу хаттамасында антибактериалды терапия пневмония тудыратын бактериялық инфекцияның қосылуына байланысты стационарда жатқан пациенттерге ғана арналған.

"Азаматтарға өз бетімен емделмеу, вирусты инфекция белгілері болса антибиотиктерді өз бетімен қолданбау керектігін ескертемін. Вирусты инфекцияның белгілері болса, антибиотикке төзімділік қалыптастырмау үшін ауру пайда болған кезде асқынулар болмас үшін министрлік әзірлеген және ұсынған ескертпе мен чек-парақ бойынша әрекет ету керек", – деді Людмила Бюрбекова.

Вице-министр сырқаты жеңіл және орташа деңгейдегі үйде емделіп жатқан адамдар дәрі-дәрмекті тегін ала алатынын мәлімдеді.

"Антибактериалды терапия қажет болған жағдайда тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған. Рецепт электронды түрде беріледі. Барлық емханалар дәрі-дәрмектерді өз дәріханалары арқылы тегін таратады және бірнеше өңірде дәрі-дәрмектерді пациент үйіне жеткізіп беру жолға қойылған", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен күрестің жаңа шаралары қандай? Денсаулық сақтау министрінің түсіндірмесі

Жұмысқа шыққанда ПТР-тестілеу талап етіле ме?

Людмила Бюрабекова пациенттерді тестілеу бас санитарлық дәрігердің хаттамасына және қаулысына сәйкес қатаң жүргізілетінін атап өтті. Онда тестілеу жилігі бойынша симптомды және симптомсыз пациенттер, стационарда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан пациенттер бар.

"Ауруханадан шығар алдында тестіден өтеді. Теріс нәтиже болса, пациенттер тест жасатады. Оң нәтиже мен дағдарыстың регрессиясы болған жағдайда амбулаториялық деңгейге ауыстырылады. Тестілеуден өз бетінше өтудің қажеті жоқ. Бас санитар дәрігер қаулысында жұмысқа шығу үшін қолыңда ПТР оң нәтижесі болу керек деген талап жоқ. Мұның бәрін дәрігер шешеді. Еңбекке жарамсыздық парағын жабылған соң жұмысқа шығады", – деді вице-министр.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары