Тікелей эфир

Air Astana 3 маусымнан бастап Атырау – Амстердам рейсін қайта іске қосады

Рейс Нидерланд үкіметінің жыл басындағы шектеулері салдарынан тоқтатылған болатын.

Air Astana 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Нидерланд үкіметінің жыл басындағы шектеулері салдарынан тоқтатылған Атыраудан Амстердамға қатынайтын тікелей рейсті қайта қосады.

Рейс аптасына бір рет әр бейсенбі сайын Airbus A321 ұшағымен орындалады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша Атыраудан таңғы сағат 05:40-та ұшып, Амстердамға 07:50-де қонады. Ал Амстердамнан 11:50-де ұшқан ұшақ Атырауға жергілікті уақыт бойынша 19:40-та келеді. Ұшу уақыты: 5 сағат 10 мин және 4 сағат 50 мин.


Оқи отырыңыз: Air Astana 9 маусымнан Черногорияға тікелей рейстерді іске қосады


"Атырау-Амстердам рейсі қазір әр сәрсенбі сайын орындалып жатқан Атырау-Франкфурт рейсін толықтырады. Ыңғайлы уақыт арқасында рейсті әрі қарай Air Astana-ның Еуропа мен Солтүстік Америкадағы серіктес әуекомпанияларының рейстерімен түйістіруге мүмкіндік береді. Жолаушыларға Қазақстан мен Нидерландқа кіру және транзитке қойылатын талаптарымен алдын ала әуе компаниясының сайтында танысып алуға кеңес береміз", – деп хабарлады Air Astana корпоративтік коммуникациялар департаменті.

 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары