Тікелей эфир

42 500, блок бекет, ПТР-тест. Карантиннің жаңа шараларына қатысты маңызды 7 сұраққа жауап

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Өңірлер мен қалалар арасында блок бекеттер қойылмайды.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 5 шілдеден бастап енгізілетін шектеу шараларына қатысты түсініктеме берді.

№1. Блок бекеттер қайтадан қойыла ма?

Жоқ. Қазақстан қалалары мен өңірлері арасында блок бекеттер қойылмайды. Өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүруге болады. ПТР-тест немесе анықтама талап етілмейді.

Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтатылады.

№2. Пойызбен қатынау үшін ПТР-тест нәтижесі керек пе?

Пойызбен жол жүру үшін ешқандай да анықтама керек емес. Алайда жолаушылар және темір жол тасымалы қысқарады. "Қазақтан темір жолы" АҚ төрт бағыт бойынша қозғалысты қысқарту мәселесін қарастырып жатыр. Өңірлер арасында сапарлауға ПТР-тест немесе өзге медициналық анықтама керек емес.

Оқи отырыңыз: Базар, сұлулық салоны, фитнес орталықтар жабылады. 5 шілдеден карантин қалай күшейтіледі?

№3. Карантин бұзғандарға айыппұл салына ма?

Иә, салынады. Вице-премьер Ералы Тоғжанов "амбарға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты шаралар соңында кемінде 20-дан астам адамның ауруханаға түсіп қаза тауып жатқанын" айтты. Сол себепті ол заң тарапынан жауапкершілік салынатынын мәлімдеді.

Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған

  • жеке тұлғаларға 30 АЕК (83,3 мың теңге);
  • заңды тұлғаларға 230 АЕК (639 мың теңге) және одан жоғары айыппұл салынады.

Нормативті құжат осы аптада қабылданады.

№4. 42 500 теңге әлеуметтік көмек тағайындала ма?

Жоқ, тағайындалмайды. Әлеуметтік көмек беру төтенше жағдаймен тікелей байланысты. Вице-премьер Ералы Тоғжановтың сөзінше, төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін әлеуметтік төлем төлеуге заңнамалық негіздеме жоқ. Сондықтан әрі қарай азаматтар мүмкіндігінше жұмысын жалғастыруы тиіс.

№5. Екі аптадан кейін карантин ұзартыла ма?

Жағдай өзгермесе, карантин тағы да күшейтіледі. Екі апталық қатаң карантин режимінен кейін жағдай жақсармаса, үкімет талаптарды тағы да күшейтеді.

"Мемлекет бірыңғай ТЖ режимінде отыра алмайды, экономика дамуы керек, адамдардың жұмыс істеп, ақша табатын мүмкіндіктері болу керек", – деді Ералы Тоғжанов.

Оқи отырыңыз: Дәрі дефициті, диагностика және үйде емделу. Денсаулық министрлігі бұл мәселелерді қалай шешіп жатыр?

№6. Саябақтар мен парктерге баруға бола ма?

Иә. Саябақтарға байланысты ешқанда шектеу жоқ. Бірақ, үш адамнан артық топталуға болмайды.

№7. Қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей ме?

Иә. Алайда олар тыста, яғни, ашық аспан астында ғана қонақтарды қабылдай алады. Сондай-ақ, тамақтану орындарында ұжымдық басқосулар (той, туған күн және басқа) өткізуге болмайды.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары