Тікелей эфир

Базар, сұлулық салоны, фитнес орталықтар жабылады. 5 шілдеден карантин қалай күшейтіледі?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой баяндады.

Оқи отырыңыз: Дәрі дефициті, диагностика және үйде емделу. Денсаулық министрлігі бұл мәселелерді қалай шешіп жатыр?

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Көлік қатынасы бойынша:
  • Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
  • Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
  • Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
  • Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.
Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:
  • Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;
  • Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;
  • Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;
  • 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.
Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:
  • Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).
  • Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;
  • Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;
  • Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;
  • Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).
Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары