Ұлытау облысында "Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз" форумы өтті

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі
Оның жұмысы "AgroQazaq: Техника. Өнім. Болашақ" көрмесінен басталды.

Ұлытау облысында ұйымдастырылған "Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз" аграрлық-өнеркәсіптің кешеннің форумына Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, облыс әкімі Дастан Рыспеков, Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, облыстық мәслихат депутаттары, жергілікті фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

Көрмеде ауыл шаруашылығы техникасы және "Бір ауыл – бір өнім" жобасының облыстық кезеңіне қатысушы жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдері ұсынылды.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелері форумның пленарлық сессиясында талқыланды. Сессияға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев, Қазақстан фермерлерінің республикалық қауымдастығы басқармасының төрағасы Жигули Дайрабаев қатысты.

Форумның негізгі тақырыптары фермерлерді сапалы ресурстармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, ирригациялық жүйелерді дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту және өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін қамтыды. Сондай-ақ, инновациялық жобалар шеңберінде мал шаруашылығы саласындағы заманауи қолдан ұрықтандыру әдістерінің инновациялық бағдарламасы таныстырылды.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Талқылау қорытындысы бойынша Ұлытау облысының агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетін арттыруға және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар ұсыныс әзірленді.

Форум аймақтың фермерлік және ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу, мәселелерді талқылау және бірлескен бастамаларды қалыптастыру үшін нәтижелі алаң болды.

Серіктестер жаңалықтары