Бүгін Астанада өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің II форумына Ұлытау облысынан 30-ға жуық фермер, диқан және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Осы айтулы жиында жерлесіміз Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды. Асқар Әлиұлы – Жезқазған қаласында орналасқан "Аяс" шаруа қожалығының басшысы. Қожалықтың негізгі қызмет бағыты – мал шаруашылығы. Асқар Әлиұлы өңірде ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене атсалысып, жәрмеңкелерде халыққа сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып келеді", – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Облыс әкімдігінің хабарлап өткендей, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде Асқар Әлиұлы ұжым арасында да, жергілікті тұрғындар арасында да зор құрмет пен беделге ие.
USD:
506.5 / 509.5
EUR:
590.0 / 595.0
RUB:
6.47 / 6.59