Тікелей эфир

Тоқаев: Ел бірлігі аумақтық тұтастықпен қатар тұруға тиіс

Президенттің сөзінше, татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет.

Мен бұған дейін де еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат екенін айттым. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Біз "бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды" дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі. Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұратын өзге ұлттардың қанша пайызы қазақ тілінде сөйлейді?


Қасым-Жомарт Тоқаев татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет екенін атап өтті.

"Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек. Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік", – деді Қазақстан президенті ҚХА отырысында.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары