Тіл саясаты комитетінің мәліметінше, қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің саны артып келеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарайтын Тіл саясаты комитеті Ашық НҚА порталында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасының жобасын қоғам талқысына ұсынды.
Жобада Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуалға сипаттама берілген.
"Қазақстанда азаматтардың тілдік құзыреттілігі әртүрлі қалыптасып отыр. Атап айтқанда, қазақтілділер, қазақ-орыстілділер, орыстілділер, этникалық қазақша, этникалық орысша тілділер немесе этникалық орысша-қазақша үш тілді білетіндер және қазақ-орыс-ағылшын үш тілді меңгергендер", – деп жазылған тұжырымдама жобасында.
Тіл саясаты комитетінің мәліметінше, Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін азаматтардың саны артып келеді.
Оқи отырыңыз: 32 жылда тек "Тілдер туралы" және "Көші-қон туралы" заңдар ғана қазақ тілінде әзірленді
Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде оқи, жаза және сөйлей алатындарының үлесі төмендегідей:
Түркітілдес халықтардың ішінде:
- өзбектердің 72 пайызы;
- ұйғырлардың 71,7 пайызы;
- қырғыздардың 58,5 пайызы қазақ тілінде сөйлей алады.
Бұл ұлттардың 12 пайызы қазақша оқып, жазуды жоғары деңгейде меңгергені анықталған.
Славян диаспорасы ішінде:
- орыстардың 25,1 пайызы;
- украиндардың 23,7 пайызы;
- белорустардың 22,8 пайызы;
- поляктардың 22,1 пайызы;
- неміс диаспорасының 25,2 пайызы ауызекі қазақ тілін түсінеді.
"Аталған диаспоралар ішінде қазақша оқып, жаза білетіндер үлесі – 2,9 пайызды құрайды. Көрсетілген сандық өзгерістер мемлекеттік тіл қолданысының сапасын әлі де болса жақсартуды талап етеді", – деп жазылған тұжырымдама жобасында.
Оқи отырыңыз: Ырымшыл – Yrymshyl: Тоқаев латын әліпбиіне көшуде енді қателесуге болмайтынын ескертті
Құжатты жария талқылау мерзімі – 21 сәуірге дейін.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
358
-
0
-
0
-
-
2🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
331
-
0
-
0
-
-
3💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
311
-
0
-
0
-
-
4👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
298
-
0
-
0
-
-
5🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
278
-
0
-
0
-
-
6☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
290
-
0
-
0
-
-
7👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
252
-
0
-
0
-
-
8🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
245
-
1
-
2
-
-
9🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
246
-
0
-
0
-
-
10🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
245
-
0
-
0
-