Қарағанды техникалық университетінде оқырман саны 17 мыңға дейін артқан.
Қазақстанда оқу жылының басынан мектеп кітапханаларының қоры екі миллион көркем әдебиетпен толықтырылды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
"2020 жылы Қазақстанда "Оқуға құштар мектеп" жобасы басталды. Оған мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтамасыз ету, оқушыларды кітап оқуға тарту үшін іс-шаралар өткізу, кітапханаларда қолайлы жағдай жасау, жөндеу және жабдықтау, кітапханашылардың біліктілігін арттыру сияқты бірқатар шаралар кіреді. Сонымен қатар, барлық мектепте міндетті түрде күнделікті 20 минут кітап оқу енгізілген. Мектеп кітапханаларының жанынан коворкинг-орталықтар ашылып жатыр. Елде барлығы 440 коворкинг-орталық жұмыс істейді", – делінген хабарламада.
Қазақстандық жоғары оқу орындары да кітапханаларын автоматтандырады және қайта жабдықтайды. Бұл бағытта белсенді жұмыс студенттерге кітап іздеу және алу бойынша ыңғайлы сервис ұсыну, сондай-ақ, кітапханашыларға кітапхана қорымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы құрал жасау үшін жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: "Балаларды кітап оқуға баулу өте маңызды". Асхат Аймағамбетовтың ата-аналарға хаты
Енгізіліп жатқан автоматтандырылған жүйелер оқырмандар санын арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Мысалы, жаңа технологияларды енгізудің және ЖОО-ның қалалық мектептермен белсенді жұмысының арқасында Қарағанды техникалық университетінде оқырман саны 17 мыңға дейін артқан.
Торайғыров университетінде студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада ауданы 1 560 м2 коворкинг-орталық, конференц-зал және студенттерге арналған демалыс аймағы ашылды.
"Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының, мектептер мен колледждердің алдына білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектептермен жұмысты жандандыру, жағдайды жақсарту және қажетті ақпаратты іздеудің тиімді жолдарын қамтамасыз ету міндетін қойды. Сондықтан қазір ЖОО-лар автоматтандырылған жүйелер мен өзгерістер енгізу, талаптарға сәйкес жүйелерді пысықтау және персоналды оқыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Сонымен қатар университеттер кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтырып жатыр. Ең бастысы, университет кітапханалары мектеп оқушылары үшін ашық болады. Медиаресурстар саны да артты – электронды оқулықтар, энциклопедиялар, әдістемелік құралдар және басқа да әдебиеттер көбейді. Электрондық кітапханалардың толық мәтінді және мультимедиялық ресурстары, соның ішінде Web of Science және Scopus халықаралық базалары қолжетімді болды. Бұл шаралар студенттеріміз үшін барлық жағдайды жасау үшін қабылданып жатыр", – деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Еске салсақ, балабақшаларда оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының арнайы әзірленген әдістеме бойынша жүргізілетіні туралы хабарлаған едік. Бұған дейін кішкене балаларға мектептегі сияқты кесте бойынша 20 минуттық сабақтар жүргізіліп келген болатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
419
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
325
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
303
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
275
-
0
-
5
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
260
-
1
-
2
-
-
6👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
210
-
0
-
3
-
-
7Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
194
-
0
-
0
-
-
8🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
196
-
0
-
2
-
-
9⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
212
-
0
-
0
-
-
10😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
199
-
0
-
1
-