Тікелей эфир

Қазақстанда электр самокаты мен мопед жүргізушілерін жаппай тексеру басталды

Бір апта бұрын елде мұндай қозғалыс құралын жүргізушілерге жаңа ереже бекітілді, бірақ талапқа бағынып жатқандар кемде кем.

Полиция қызметкерлері жол бойында жасы 18-ге толмаса да самокат тізгіндегендердің көптігін және олардың белгіленген жиектен шығып кетіп жатқанын айтады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қазақстанда электросамокатты бір қолмен, жүк арқалап және қасына адам мінгестіріп жүргізуге болмайды. Жылдамдағы да сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Жаңа ереже 30 тамызда шықса да, жүргізушілердің көбі бұл ережелерден бейхабар.

Павлодар облысында бір күнде ережеге бағынбаған 30 адам ұсталса, Шымкентте 90 адам ұсталған.


Оқи отырыңыз: Ереже бұзған электросамокат жүргізушісі қанша айыппұл төлейді?


"30 тамыздан бастап, бүгінгі таңға дейін 6,5 ға жуық құқықбұзушылықтар анықталып, жүргізушілерге қатысты шаралар қабылданды. Оның ішінде жаңа заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты мопедтерге, электросамокад жүргізушілеріне қатысты 100-ге жуық жүргізушіге әкімшілік жауапкершілік қаралды", – деді Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов.

Ережеге бағынбаған электросамокат жүргізушілеріне салынатын айыппұл аз болмайды. Егер адам мінгестіріп жүрсе – 8625 теңге, ал мас күйінде жүргізсе 34 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Тротуармен жүрсе – жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмау керек. Жалпы электросамокат жылдамдығына шектеу қойылғанымен, полицейлер қолында оны анықтайтын құрал жоқ. Тәртіп сақшылары негізінен көлікті мінгесіп тізгіндегендер мен жиектен шыққандарға шара қолдануда.


Оқи отырыңыз: Ереже, айыппұл, талап: Самокатшыларға қатысты жаңа заң туралы нені білу керек?


 

Серіктестер жаңалықтары