Тікелей эфир

Ереже, айыппұл, талап: Самокатшыларға қатысты жаңа заң туралы нені білу керек

Ереже бұзған жағдайда самокатшыларға айыппыұл салынады.

Елімізде электрлі самокаттарға қатысты жаңа заң қабылданды. Көлік құралының бұл түріне қандай шектеу қойылатыны, қандай өзгерістер бар екендігі туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық меда-порталында жазылды.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, қабылданған жаңа заңға сәйкес электрлі самокат веложолда, веложолақтарда, 25 км/сағат жылдамдықпен жүріс бөлігінің оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда қозғала алады.

"Ал тротуар мен жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен жүруі керек. Электрлі самокат көлікке арналған жолмен жүруге тек 18 жастан бастап рұқсат етіледі және жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек", – деді ол.


Оқи отырыңыз: 30 тамыздан бастап жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салынады.


Сондай-ақ, мопед, электрлі самокат және велосипед жүргізушілері жолдың жүріс бөлігінде жүргенде ғана бекітілген шлемді киюі керек. Ереже бұзған жағдайда самокатшыларға айыппыұл салынады.

"Қазір оларды жолаушылар мен жүктерді тасымалдау (ӘҚБтК-нің 593-бабы, 5 АЕК көлемінде айыппұл салу), сондай-ақ жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 620-бабы, ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салу) жауапкершілікке тартуға болады", – деді Ақтоты Боранова.

Мопедтердің, электрлі самокаттардың және велосипедтердің жүргізушілеріне басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуге арналған жарық шағылыстыратын затсыз жүруге тыйым салынады.

"Бұл талапқа сәйкес сізде кез келген жарық қайтарғыш элементі бар зат болуы керек. Ол кез келген киім болуы мүмкін: күртеше, қалпақ, жилет, аяқ киім, рюкзак, сөмке және арнайы жарық қайтарғыш ленталар. Бұл заттардың көрінуін қамтамасыз ету қиын емес. Жүргізушіге жан-жағынан көрінуі үшін оларды киімдердің үстіне кию керек", – деді маман.


Оқи отырыңыз: Алматыда мопед жүргізушілері бір аптада 11 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады.


 

Серіктестер жаңалықтары