Биылғы көктемде Ақтөбе қаласында 9 футболшы жалпы сомасы 110 млн теңгеге бəс тіккен. Бұл туралы бас прокурор Берік Асыловтың мәжіліс депутаты Абзал Құспанның депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.
"Биыл Бас прокуратура Қазақстанның Футбол федерациясында жəне футбол клубтарында тексеру жүргізіп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде келісілген матчтар мен букмекерлік кеңселердегі бəс тігу фактілері де орын алып жатыр. Еңбек шарттарымен тыйым салынғанына қарамастан, футболшылар мен жаттықтырушылар букмекерлік ставкаларға қатысуы жалғасып келген. Мəселен, Ақтөбе қаласында 9 футболшы жалпы сомасы 110 млн теңгеге бəс тіккен. Осыған байланысты, 2025 жылғы 2 сəуірде Федерацияға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді", – деді Берік Асылов.
Бас прокуратураның тексеруінен соң федерация əкімшілігінің басшысымен, басқарушы директормен, заң, операциялық жəне маркетинг департаменттерінің директорларымен, қауіпсіздік жəне интегрити қызметінің басшысымен еңбек шарттары бұзылып, бірқатар басшы қызметкердің лауазымы төмендетілген.
"Қазіргі уақытта федерация заңдылықты бұзушылықтарды жою, қаржылық тəртіпті күшейту жəне футболды дамытудың жаңа мақсаттары мен міндеттеріне сай ұйымдық құрылымын оңтайландыру бойынша жұмысты жетілдіруде", – делінген бас прокурордың жауабында.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

