Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының уақытша бас бапкері тағайындалды

Фото: Қазақстанның футбол федерациясы
Фото: Қазақстанның футбол федерациясы
Бұл қызметті уақытша Талғат Байсуфинов атқаратын болды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін Талғат Байсуфинов уақытша атқаратын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлімдеп отыр.

"Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) өтетін матчтарға Қазақстан құрамасын дайындайды", – деп хабарланған федерацияның ресми сайтында.

Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы бұған дейін екі рет – 2016–2017 және 2020–2022 жылдары басқарған. Қазір ол жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарып жүр.


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз