USD: 470.1 / 472.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Аудандық соттарға 128 жаңа судья тағайындалды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Нәтижесінде бос судья лауазымдарының саны 230-ға дейін қысқартылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Астана қаласы сотының, Алматы қалалық сотының және Жамбыл облыстық сотының төрағалары, сондай-ақ аудандық және оларға теңестірілген соттардың 128 судьясы тағайындалды, деп хабарлады Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі.

"Осы жарлықтың қабылдануымен соңғы бес жыл бойы сақталып келген 350-ден астам судьялық лауазымдардың тұрақты бос болу үрдісі тоқтатылды. Кадр тапшылығы әсіресе бірінші сатыдағы соттарда айқын байқалған болатын. Сонымен қатар, аталған жарлықпен заңда көзделген негіздер бойынша 31 судья қызметтен босатылды. Бұл, кадрлардың табиғи қысқаруына қарамастан, бос жұмыс орындарының жалпы санын азайтуға қол жеткізілгенін көрсетеді", – делінген хабарламада. 

Жоғары сот кеңесі мемлекет басшысына тағайындауға ұсыным берген тағы 41 кандидат қазіргі уақытта соттарда арнайы тексерулер мен тағылымдамадан өтуде. Олар тағайындалғаннан кейін судьялардың бос лауазымдарының саны 189-ға дейін қысқарады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар, соңғы бес жыл бойы бос тұрған 68 лауазым алғаш рет толтырылды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз