7,7 млн теңге шығын: Астанада Instagram арқылы алаяқтық жасаған әйел 6 жылға сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жалған инвестиция мен тур сатқандарға үкім шықты.

Астана прокуратурасы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып бірнеше рет алаяқтық жасаған тұрғынға қатысты сот үкімі шыққанын хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, кінәлі азаматша Instagram әлеуметтік желісінде тиімді инвестициялар, арзан туристік жолдамалар және шетелде жұмысқа орналастыру туралы жалған жарнамалар жариялаған. Азаматтарды жаңылыстырып, олардың сенімін теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерден ақша алып, өз міндеттемелерін орындамаған.

"Қылмыстық әрекеттер салдарынан 10 адам зардап шегіп, оларға 7,7 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынып, бас бостандығынан айыру түріндегі нақты жаза тағайындауды сұраған. Сот үкімімен азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылып, үкім заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.

Астана қаласының прокуратурасы тұрғындарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезінде сақ болуға, интернеттегі жеңіл табыс, арзан турлар мен инвестициялар туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және алаяқтық фактілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз