USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Астанада мас адам бөтен көліктің терезесін сындырып кетті

Бұзақы табылып, 5 тәулікке қамауға алынды.

Таңғы сағат 06:00 шамасында Нұрмағамбетов көшесіндегі №31 үйде 34 жастағы ер адам бөтен пәтердің есігін ұрып, тепкілеп, есік тұтқасын сындырып кеткен. Бұзақы табылып, 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Тағы бір жағдайда жергілікті тұрғын Сәтбаев көшесіндегі дүкеннің алдыңғы есігінің терезесін сындырған. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

"Сондай-ақ, тәртіп сақшылары түннің бір уағында мас күйінде Ақан сері көшесінде тұрған көліктің алдыңғы және бүйір жағындағы терезесін сындырған бұзақыны да тауып, жазалады. Келтірілген залал үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Вандализм және қоғамдық тәртіп: елорда мектептерінде арнайы кездесулер өтіп жатыр


Еске сала кетсек, Астанада волонтерлар, белсенділер, танымал спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары және қала тұрғындарының қолдауымен "Тоқта, вандал" акциясы жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау