Тікелей эфир

"Ақылы олимпиадаларға қарсымыз". Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы себебін түсіндірді

Ақылы олимпиадалардың оқушы портфолиосы үшін ешқандай құны жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев жеке компаниялардың оқушылар арасында ақылы олимпиада өткізуіне қарсы екенін жеткізді. Ол бұл туралы қалалық мәслихаттың отырысында айтты.

"Көптеген жеке компаниялар адам тартып, өзінің ұйымын жарнамалау мақсатында неше түрлі ақылы олимпиада өтікізіп жатыр. Қатысу бағасы шамамен 500-1000 теңге. Бірақ, олардың оқушы портфолиосында алар ешқандай құны жоқ. Сол себепті біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, олимпиадалардың тізімін бекіттік", – деді Қасымхан Сенғазыев.


Оқи отырыңыз:


Білім басқармасы басшысының айтуынша, бекітілген тізімге "Дарын" орталығы мен білім басқарламалары өткізетін олимпиадалар енген. Ал басқа олимпиадаларды қабылдамау үшін мектеп директорларымен жұмыс істеліп жатыр.

"Ақылы олимпиадалардың сапасын ешкім бақылап жатқан жоқ. Мысалы, "Ақбота" деген олимпиада бар. Оны балаға үйінде орындау үшін ұстатып жібереді. Ол оны үйіне апарып, әкесі орындап береді. Оны сырттан келген біреулер тексереді де, ертеңінде "Мына бала жақсы біледі екен" дейді. Ал шындығында оны баланың өзі орындаған жоқ", – деді Қасымхан Сенғазыев.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары