Сарбаздың есі ауысып, өз-өзімен сөйлесіп, сандырақтайтын жағдайға түскен.
Осыдан бес күн бұрын Ақтаудағы 25/ 744 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге барған 19 жастағы Талғат Айтмұханов өз-өзімен сөйлесіп, сандырақтайтын жағдайға түсті. Тіпті, өз әкесін де танымай қалған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Талғаттың әкесі Мақсат Сәрсенбаевтың айтуынша, 11 мамыр күні Бейнеу ауданының әскери комиссариатына барған баласы Талғатты екі офицер медициналық тексеруін аяқтамай жатып пойызға отырғызып жіберген. Сөйтіп, 14 мамырда жас жігіт Ақтаудағы 25/744 әскери бөліміне қабылданған. Алайда күні кеше әскерилер хабарласып, ұлдарының ауырып қалғанын айтыпты.
"Кеше анасына "балаң ес-түссіз жатыр, аты-жөнін білмейді, келмесеңіз болмайды" деп хабарласыпты. Бала сандырақтап, әр затты айтып кетеді. "Терезені жап", "терезені аш" деп, терезеге қарай жүгіреді. Баламды танымай қалдым", – деді Мақсат Сәрсенбаев.
Ал облыстық аурухана дәрігерлері Талғаттың денсаулығында еш кінәрат жоқ деген қорытындыға келіп шығарып салады. Бұған келіспеген жақындары Талғаттың психикалық ауытқуы бар-жоғын анықтау үшін диспансер мамандарына тексертуге бекініп отыр. Алайда, диспансер Талғатты қабылдамай жатыр екен.
Оқи отырыңыз:
- Әскерге сау кеткен сарбаз үйіне есінен адасқан күйде оралып, әкесін сабап тастаған
- Әскерден есін білмей оралған сарбаз екі айдан бері психикалық ауруханада жатыр
Әскери бөлім қызметкерлері Талғатты алдап, әскер қатарына қоспағанын айтады. Олардың сөзінше, Талғат арыз жазып, өз еркімен келген. Ал жас жігіттің денсаулығындағы кінәратты кеше күндіз сағат 12-лер шамасында байқадық деп отыр.
"Жас жігіт медициналық тексеруден өткізу үшін облыстық ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде МРТ, мидың КТ және маманның кеңесі, дене жарақаттары мен қауіпті патологиялары анықталған жоқ. Әскерге жіберу үшін аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге мәжбүрлеп жеткізуге қатысты ақпарат нақты емес", – дейді 25744 әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары Жәнібек Құранбеков.
Айта кетейік, былтыр дәл осы әскери бөлімде борышын өтеген қызылордалық сарбаз Ринат Жеткергенов те есінен адасып, ата-анасын танымайтындай күйге түскен еді. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Бірақ іске қатысты тергеудің шешімі шыққан жоқ.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
254
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
225
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
235
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
225
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
226
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
182
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
171
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
171
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
171
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
181
-
0
-
0
-