Ринат Жеткергенов әлі күнге дейін жақындарын, тіпті ата-анасын да танымайды.
Ақтауға әскери борышын өтеуге сау барып, есінен адасып келген Қызылорда облысының тұрғыны Ринат Жеткергенов екі айдан бері психикалық ауруханада жатыр. Анасы 19 жастағы ұлының әлі күнге есі кіресілі-шығасылы екенін айтады. Қазір де ата-анасын танымайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұл іске қатысты әлі ешкім жазаланбаған. Екі ай бұрын әскерден келгенде жақындарының бірін де танымай, үйіндегі заттардың астаң-кестеңін шығарып қиратып, өзіне келе алмаған Ринат Жеткергеновты ата-анасы облыс орталығындағы психикалық ауруларды емдейтін ауруханаға жатқызған. Содан бері анасы ұлын 2-ақ рет көрген.
"Ықыласымды, сағынышымды басқан жоқпын әлі. Мені ол бәрібір танымайды. Көрсе – басы ауырып, ашуланады. Маған да оңай емес, сондықтан шығар, дәрігерлер маған ұлымды көрсетпейді", – дейді Ринаттың анасы Айғаным Ізбасарова.
Оқи отырыңыз: Әскерге сау кеткен сарбаз үйіне есінен адасқан күйде оралып, әкесін сабап тастаған
Ринаттың анасы да, әкесі де осы жағдайдан жүрек ауруына шалдыққан. Қараша айының соңында дәрігерлер жігіттің денсаулығы жақсарды деп үйіне қайтарған. Бірақ, Ринат үйіне келген соң ауруы қайта асқынып, бір күннен кейін тағы ауруханаға жатқызған. Содан бері Ринат Жеткергенов облыс орталығындағы психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр. Дәрігерлер оның психикалық соққы алғанын растайды.
"Ринаттың қазіргі таңда алып жатқан емі оң нәтиже беріп отыр. Бірақ, уақыт керек. Сол үшін оны әзірге ешкімнің мазаламағанын қалаймыз", – дейді Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Әділбай Медетбаев.
Ринат Жеткергенов келгелі бері өзін бір апта бойы жатақханаға қамап, әскери шенділердің азаптағанын айтқан. Сондықтан жігіттің ата-анасы баласының ақыл-есі адасқанына әскери қызметкерлерді кінәлайды. Ал Қорғаныс министрлігінің өкілдері бұл іске байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-