Тікелей эфир

Алматыда бір ауданның тұрғындары екі айдан бері қоғамдық көлікке қол жеткізе алмай отыр

Жөндеу жұмыстары 3 тамызда аяқталуы тиіс болған.

Алматы қаласында бүтін бір ауданның тұрғындары қоғамдық көліктің жоқтығына шағымданды. Осы себептен көрші аудандағы аялдамаға екі шақырым жаяу жүріп баруға мәжбүр. Ал такси 2,5 мың теңге сұрайды, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Екі айдан бері автобус жоқ. Мектепке киім сатып алатын уақыт жақындап қалды. Баламызды балабақшаға апаруымыз керек", – деді Алатау ауданының тұрғыны Алтынай Дүйсенова. 

Аудан халқы көшеде жөндеу жұмыстары басталғалы көлік қатынасының қиындағанын айтады. Алайда автобус жүруге болмайды деген көшемен жеңіл және жүк көлігі еркін қозғалады. Жөндеу жұмыстары 3 тамызда аяқталуы тиіс болатын. Ал мердігер компания өкілі бірнеше аптадан бері қазылған ордағы жарылған жерасты құбырының иесін таба алмадық, деп отыр. Әкімдік өкілдері құрылыс жұмыстары аяқтала сала, қоғамдық көліктерді бағытқа шығармақ. Әрі күні кеше бір бағыт бойынша қатынайтын автобусты пайдалануға беріп үлгерген. 


Оқи отырыңыз: Астанада Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады


"Қалған автобустардың көлемі 12 метр болғандықтан, жолға ыңғайыссыз. Мердігер компания құдықтардың барлығын қалпына келтіріп, екі автобус 15 тамыздан бастап жүре бастайды", – деді Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқарма бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абай Топарбай. 

Қазір Боралдай ықшам ауданындағы жұмыс 95 пайызға бітіп тұр дейді әкімдік өкілі. Айтуынша, бүгін жарығы бар су құбыры жамалады. 

Серіктестер жаңалықтары