Тікелей эфир

Астанада Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады

14-18 тамызы аралығында жол жөндеу жұмысына байланысты Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады.

Астана қаласының әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Жөндеу жұмысына байланысты 14-18 тамызы аралығында Әл-Фараби даңғылының Ж.Досмұхамедұлы көшесінен А.Пушкин көшесінің көлік жол айырығына дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.


Оқи отырыңыз: "Асфальтті қолмен жайған". Қызылордада 76 млн теңгеге салынып жатқан жол сапасына тұрғындардың көңілі толмайды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары