Қазақстан халқының саны жыл басынан бері 105 мыңға жуық адамға көбейіп, 1 тамыздағы жағдай бойынша 20,6 млн адамнан асты. Халық санының ең жоғары өсімі үш мегаполисте тіркелді.
1 тамыздағы мәлімет бойынша, елдегі халық саны 20,6 млн адамнан асты. Жыл басынан бері тұрғындар саны шамамен 105 мың адамға артқан. Осы кезеңде табиғи өсім 99 мыңнан астам адамды құраса, көші-қон есебінен халық саны тағы шамамен 5,5 мың адамға көбейген.
Қала тұрғындарының саны әсіресе үш мегаполисте айтарлықтай өскен:
- Астанада – 51 429;
- Алматыда – 31 690;
- Шымкентте – 19 298 адамға артқан.
Осы көрсеткіш бойынша халық саны ең жылдам өсіп жатқан қала – Астана.

Алты облыста қала халқы азайған:
- Жетісу облысында – 888 адамға;
- Ұлытау облысында – 743 адамға;
- Шығыс Қазақстан облысында – 583 адамға;
- Павлодар облысында – 520 адамға;
- Абай облысында – 481 адамға;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 43 адамға.

Сонымен қатар елдің 12 облысында тұрғындар саны азайған:
- Түркістан облысы – 4 212;
- Жамбыл облысы – 3 951;
- Абай облысы – 3 817;
- Жетісу облысы – 3 706;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2 946;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 677;
- Павлодар облысы – 2 491;
- Қостанай облысы – 2 356;
- Ұлытау облысы – 1 379;
- Батыс Қазақстан облысы – 1 059;
- Қарағанды облысы – 1 040;
- Қызылорда облысы – 845.

Қазақстанда урбандалу үдерісі де жалғасып келеді. Жыл басынан бері ауыл халқының саны шамамен 22 мың адамға қысқарған, ал қала тұрғындарының саны 126 мың адамға өскен. Осылайша, халық өсімінің негізгі бөлігі ірі қалаларға тиесілі болып отыр.
Ал ауыл халқы үш өңірде ғана өскен:
- Алматы облысы – 13 938;
- Атырау облысы – 1 086;
- Ақмола облысы – 493.
Ауыл халқы барлық өңірде азайып жатыр:
- Жамбыл облысы – 5 691;
- Түркістан облысы – 4 538;
- Қостанай облысы – 3 663;
- Абай облысы – 3 336;
- Қарағанды облысы – 3 011;
- Жетісу облысы – 2 818;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 634;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2 363;
- Батыс Қазақстан облысы – 2 303;
- Ақтөбе – 2 045;
- Павлодар облысы – 1 971;
- Қызылорда облысы – 1 324;
- Маңғыстау облысы – 836;
- Ұлытау облысы – 636.
Жыл басынан бері жеті айда ауыл халқының табиғи өсімі 38 684 адамды құраса, 60 336 адам басқа жаққа қоныс аударған. Бір ғана Түркістан облысынан 18 398 ауыл тұрғыны қалаға көшіп кеткен.