Тікелей эфир

2023 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңге болады?

Сурет: Informburo.kz
Сурет: Informburo.kz
Жаңа жылда зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және мемлекеттің қолдауына ие басқа да азаматтардың қандай сома алатыны белгілі болды.

Informburo.kz өтінішімен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, жұмысынан айырылу төлемі және асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылардың қалай өзгеретінін егжей-тегжейлі сипаттады.

Зейнетақы

"2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері (ынтымақты + базалық) 77 417 теңгені құрайды, оның ішінде ынтымақты зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге.


Материалдың орысша нұсқасы: Как вырастут пенсии и пособия с января 2023 года. Точные цифры


Мүгедектігі бойынша жәрдемақы

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ, қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) шамасына байланысты болады.

2022 жылы I топтағы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 71 787 теңгені (1,92 КД), II топта – 57 206 теңгені (1,53 КД), III топта – 38 885 теңгені (1,04 КД) құрайды.


Оқи отырыңыз: Бала жасына толғанша төленетін жәрдемақы 1,5 жылға дейін ұзаруы мүмкін


2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері КД шамасының өзгеруіне байланысты 8,5 пайызға арттырылатын болады.

I топтағы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 77 889 теңгені (1,92 КД), II топта – 62 068 теңгені (1,53 КД), III топта – 42 190 теңгені (1,04 КД) құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмекке нақты облыс үшін жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар құқылы.

Егер әрбір отбасы мүшесінің табысы осы көрсеткіштен төмен болса, айырмашылық АӘК мөлшері болады.


Оқи отырыңыз: 2022 жылы әйелдер 1,6 миллион теңге бір жолғы декреттік төлем ала алады


Сондықтан әрбір нақты отбасы үшін АӘК тағайындалған сомасының мөлшері жиынтық табысқа және кедейлік шегінің мөлшеріне байланысты жеке анықталады.

2020 жылдан бастап Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде оның ашықтығын, әділдігін және еңбекке деген ынтасын қамтамасыз етуге бағытталған көмек көрсетудің жаңа тетігі жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Мемлекеттік қолдау шаралары кешенде іске асырылады және келесілерді қамтиды:

  • көп балалы аналарды қолдау, оның ішінде шартсыз түрде берілетін ақшалай төлем;
  • отбасының әрбір мүшесіне ақшалай түрде берілетін АӘК;
  • заттай түрде ұсынылатын АӘК алушылар қатарындағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсыну.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттен – 2,5 млн теңгеге дейін. Ана мен балаға берілетін әлеуметтік көмектер қандай?


2022 жылғы 1 қарашада АӘК орташа мөлшері 6 655 теңгені құрады. 2023 жылы орташа мөлшері 9 900 теңге көлемінде болжанады.

Жұмысынан айырылуына байланысты төлем

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.

Әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының табысына, жүйеге қатысу өтіліне және табысты ауыстыру коэффициентіне байланысты.

Қазір табысты алмастыру коэффициенті 0,4 құрайды. Яғни, әрбір төлем бұрын болған кірістің 40 пайызын құрайды. Төлемді жүйеге қатысу өтіліне байланысты бірден бастап алты ретке дейін (айына бір рет) алуға болады.


Оқи отырыңыз: Жүктіліктің тоғыз айы. Аяғы ауыр әйелдер қандай медициналық көмектерді тегін алады?


2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысты ауыстыру коэффициенті жұмыссыз жұмыс істеген кездегі табыстың 40 пайызынан 45 пайызына дейін артады.

Бұл ретте төлем тағайындау тәртібі сақталады және жұмысынан айырылған және жұмыссыз мәртебесін алған жүйеге мүшелеріне ғана қолданылатын болады.

Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған алушыларға да әсер етеді. Ешқандай өтініш берудің қажеті жоқ – төлем мөлшері автоматты түрде артады.

Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған адамның асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.


Оқи отырыңыз: Декреттік демалыс пен төлемдер қалай есептеледі?


Қазір мұндай жәрдемақы мөлшері:

  • отбасының бір еңбекке жарамсыз мүшесі болған кезде – 0,86 КД (32 155 теңге);
  • барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны екеу болған жағдайда – 1,49 КД (55 710 теңге);
  • барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны үшеу болған жағдайда – 1,85 КД (69 170 теңге);
  • барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінңғ саны төртеу болған жағдайда – 1,96 КД (73 283 теңге);
  • барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны бесеу болған жағдайда – 2,03 КД (75 900 теңге);
  • отбасының алты және одан да көп еңбекке жарамсыз мүшелері болған кезде әрбір жәрдемақы мөлшері 2,11 КД (78 891 теңге) тең үлесі ретінде есептеледі.

Оқи отырыңыз: Жүктіліктің 12 аптасы несімен маңызды? 425 мыңды кім алады?


Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 пайызға артады және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап келесіні құрайды:

  • бір еңбекке жарамсыз отбасы мүшесі болған жағдайда – 34 888 теңге;
  • еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны екеу болған жағдайда – 60 445 теңге;
  • еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны үшеу болған жағдайда – 75 049 теңге;
  • еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны төртеу болған жағдайда – 79 512 теңге;
  • еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны бесеу болған жағдайда – 82 352 теңге;
  • отбасының алты және одан да көп еңбекке жарамсыз мүшелері болған кезде әрбір адамға берілетін жәрдемақы мөлшері 85 597 теңгенің тең үлесі ретінде есептеледі.
Серіктестер жаңалықтары