Тікелей эфир

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанды қалай оқиды? БҒМ болжамы

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Қазақстанда екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы дәстүрлі форматта оқитын болады.

Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналында екінші тоқсанда қашықтықтан және мектептерде оқитын оқушылар саны туралы жасаған болжамын жарияланды.

2,2 миллион мектеп оқушылары қашықтықтан білім алуды жалғастырады деп күтілуде. 1,2 миллион бала дәстүрлі форматта оқиды, оның ішінде:

  • 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),
  • шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы.

13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқудың кемшілігі не? Қазақстандықтардың жартысына жуығы бұл форматқа қарсы

Қазіргі күні қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды:

  • қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн;
  • дәстүрлі форматта – 953 мың,
  • оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып),
  • шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары