Тікелей эфир

Алаяқтарға тап болмай, IELTS тестін қайда тапсыруға болады және сертификатын қалай тексеру керек?

Іnformburo.kz редакциясы сынақты қайдан, қалай тапсыруға болатынын, сондай-ақ сертификатты алудың жолдары туралы зерттеп көрді.

IELTS-тің жалған сертификаттарын ұсынғаны үшін Астана медициналық университетінің 117 студенті оқудан шығарылды. Олардың бәрі де мемлекеттік грант негізінде оқып, стипендия алып жүрген. Енді соны қайтарулары тиіс. Бұл сертификатты қолдан жасау мүмкін емес болып есептеледі. Өйткені нөмірлерін арнайы базадан тексеруге болады.

№1. IELTS дегеніміз не?

International English Language Testing System – ағылшын тілінен білімді бағалаудың халықаралық жүйесі. Ол адамдардың ағылшын тілі бойынша біліктілігін, деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тесті оқу орнына түсу үшін, сондай-ақ шетелде және көші қонда жұмыс істеу үшін тапсырады. IELTS нәтижесі 0 бастап 9-ға дейін бағаланады. Үміткер тестілеуді тапсырғаннан кейін 13-ші күні нәтижесін біле алады.

№2. Тесті қайда, қалай тапсыруға болады?

Тестілеу туралы барлық ақпарат ielts.org ресми сайтында көрсетілген. Экзаменді қайда тапсыруға болатыны туралы да сол жерден білуге болады. Сайтта IELTS жүйесі бойыша тестілеуді өткізе алатын әлемдегі барлық орталықтар туралы мәлімет бар. Тек қажетті елді көрсету ғана жеткілікті. Қазақстанда мұндай 11 орталық бар. Экзамен тапсырарда осы орталықтарды қарап алуыңыз керек. Егер Қазақстанда тестілеу өткізуге құқылы орталықтардан басқа ұйымда IELTS тапсыратын болсаңыз, сертификат жарамсыз болып табылады.

№3. Тесті қашан тапсыруға болады?

Сайтта тестілеудің арнайы кестесі бар. Қаланы таңдағаннан кейін жүйе алдыңғы айда тест өткізетін орталықтар туралы ақпаратты ұсынады. Өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдап, алдын ала жазылу қажет. Ережеге сәйкес, сынақ айына 3-4 өткізіледі. Тіркеу туралы барлық ақпаратпен осы жерден таныса аласыз.

№4. Тіл мектебі тестілеу нәтижесіне кепілдік беріп, сынақта көмектесе ала ма?

Жоқ. Кез келген тіл мектебі сізді тек экзаменге тыңғылықты дайындауға кепілдік береді, ал нәтижесіне еш ықпал ете алмайды. Тестің нәтижесі тек қана студенттің біліміне байланысты.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: IELTS. Где сдать, как проверить сертификат и не попасть к мошенникам?

№5. Сынақ қалай өткізіледі, өзіңізбен бірге не алуға рұқсат етіледі?

Сынақта бақылаушы болады. Ол студенттің шпаргалка пайдаланбауын, не болмаса жанындағы адамнан тест жауаптарын көшіріп алмауын бақылайды. Тестілеуге кез келген гаджетті тіпті механикалық сағаттарды да алып кіруге болмайды. Тестке қатысушылар өзімен бірге тек жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжаттарын алады. Егер үміткер тест тапсыру барысында әңгіме айтып, біреуден көшіргенді шығарып жібереді.

№6. IELTS тапсыру қанша тұрады?

Қазақстанда оның құны әртүрлі. Қай аймақта тапсырғаныңызға байланысты. Мәселен, Алматы мен Астанада IELTS-ты 47000 теңгеге тапсыруға болады. Ал, Ақтауда ағылшын тілінен біліктілікті тексеру сынағын тапсыру үшін 76 000 теңге қажет. Тестілеу құнын ресми сайттардан білуге болады.

№7. Сертификаттың жалған еместігін қалай тексеру керек?

Екі түрлі тәсілі бар:

  1. IELTS Test Report Form (TRF) Verification Service сайты арқылы. Бұл ресурста құпия ақпараттар орналастырылғандықтан, қабылдайтын ұйымдар оған кіру үшін тіркелуі қажет.
  2. Электронды пошта арқылы. InterPress мөрі басылған сертификатты тексеру үшін verification.ielts@idp.com электронды поштасына ағылшын тілінде хат жазу керек. British Council мөрі бар сертификаттарды бірінші тәсілмен тексеру қажет.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары