USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Екі палаталы парламент өз қызметін тоқтатып, оның орнына жоғары заң шығарушы орган ретінде бір палаталы кәсіби Құрылтай құрылады.

2026 жылдың ортасы Қазақстан халқы үшін мемлекеттік жүйе, заңнама, қаржы және әлеуметтік салалардағы ауқымды жаңалықтармен басталмақ. Шілде айында күшіне енетін басты құқықтық реформалардан бастап, күнделікті тұрмысқа әсер ететін экономикалық өзгерістерге дейінгі маңызды ақпараттарды жинақтадық.

№1. Мемлекеттік басқару мен құқық жүйесіндегі тарихи реформалар

Жаңа Конституция күшіне енеді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция толық көлемде күшіне енеді. Осыған байланысты елдің саяси институттары мен заңнамасында түбегейлі өзгерістер басталады:

  • Парламент орнына – Құрылтай: екі палаталы Парламент өз қызметін тоқтатып, оның орнына жоғары заң шығарушы орган ретінде бір палаталы кәсіби Құрылтай құрылады. Оның құрамына 5 жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді;
  • Терминологиялық түзетулер: Заң нормаларындағы "Парламент" сөзі "Құрылтай" деп, ал "республикалық референдум" термині "жалпыхалықтық референдум" болып түзетіледі;
  • Вице-президент институты: саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жаңадан вице-президент лауазымы енгізіледі.

Қазақстан Халық Кеңесі құрылады

Елде жаңа консультативтік-кеңесші орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастайды. Оның құрамына 126 адам мүше болады:

  • 42 өкіл – этномәдени бірлестіктерден;
  • 42 өкіл – қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардан;
  • 42 өкіл – мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден делегат етіп жіберіледі.

Азаматтардың құқықтарын қорғаудағы жаңалықтар

  • "Миранда" қағидасы: құқық қорғау органдары азаматты ұстаған сәтте оған үнсіз қалу, адвокат жалдау, телефонмен қоңырау шалу құқықтарын және қандай бап бойынша ұсталғанын бірден түсіндіруге міндетті болады;
  • Адвокаттар мәртебесі: Адвокаттардың мәртебесі конституциялық деңгейде бекітіліп, олар сот процесіне прокурорлармен тең жағдайда қатысу мүмкіндігін алады.

Оқи отырыңыз: Ақылы автотұрақ: Айыппұл арқаламас үшін Астана мен Алматы тұрғындары не білгені жөн


№2. Қаржы және банк саласындағы жаңа ережелер

"Тенге" сөзі "теңге" болып өзгереді

Салық кодексіндегі терминологиялық түзетулерге сәйкес, ұлттық валютаның атауы ресми құжаттарда мемлекеттік тіл емлесімен "теңге" деп жазылады, бұрынғы "тенге" сөзі толықтай алмастырылады. Бұл ақша реформасын немесе валюта ауыстыруды білдірмейді, тек жазылу стилі өзгереді деген сөз. Бұрын берілген құжаттарды қайта өзгерту талап етілмейді.

Банк қосымшаларында шот ашу қиындайды

12 шілдеден бастап ҚНРДА-дың жаңа қаулысы күшіне енеді. Енді банк қосымшаларында тек есім мен телефон нөмірі арқылы тіркелу мүмкін болмайды. Қашықтан тіркелу кезінде банк мыналарды міндетті түрде тексереді:

  • Бет-әлпетті мемлекеттік базамен салыстыру арқылы биометриялық тексеріс жүргізу;
  • Телефон нөмірінің мемлекеттік мобильді азаматтар базасында нақты ЖСН-ге тіркелгенін тексеру немесе ЭЦП талап ету.

Бірыңғай банкаралық QR және POS-терминалдарға қойылатын талаптар

  • Бірыңғай QR-ға қосылу: 19 шілдеге дейін банктер банкаралық бірыңғай QR жүйесіне қосылады;
  • POS-терминалдардың міндеттілігі: 19 шілдеден бастап кәсіпкерлердің үлкен тобы тек белгілі бір банктердің QR-кодымен ғана төлем қабылдау құқығынан айырылады. Олар төлемнің барлық форматын – пластикалық карталар мен бірыңғай банкаралық мобильді төлем жүйесін қолдайтын POS-терминалдар орнатуға міндетті.

№3. Сауда мен шетелдік онлайн-шопинг 

Шетелдік интернет-дүкендерден сатып алу ережесі өзгереді

1 шілдеден бастап үшінші елдерден келетін сәлемдемелер үшін жаңа фискалдық тетіктер енгізіліп, олар "электрондық сауда тауарлары" санатына бөлінеді:

  • Салық пен баж: барлық тауарға 16% көлеміндегі өтпелі ҚҚС қолданылады, оны шетелдік алаңдар бірден өнім құнына қосады;
  • Бажсыз лимит: 200 еуроға немесе 31 келіге дейінгі жеңілдік лимиті сақталады. Егер тауар бұл межеден асса, 5% бірыңғай баж (бірақ келісіне кемінде 1 еуро) артық сомадан емес, тауардың жалпы құнынан және ұлттық ҚҚС-пен бірге алынады;
  • Декларациялау: Temu, Taobao, Pinduoduo, Amazon, AliExpress-тен келетін барлық сәлемдеме міндетті түрде декларацияланады. Тек ЕАЭО кедендік аумағында орналасқан Wildberries және Ozon тапсырыстары ғана бұл рәсімнен босатылады;
  • Ерекшеліктер мен тыйымдар: электромобильдер, мотоциклдер мен яхталарға 15% бекітілген баж енгізіледі. Жеңіл көліктердің баж ескі ережемен, яғни шыққан жылы мен қозғалтқыш көлеміне қарай есептеледі. Коммерциялық тауарлар – солярий, іштен жану қозғалтқыштары, медициналық жиһаз, ойын автоматтары, қару-жарақ, қауіпті қалдықтар, алкоголь, темекі және қолма-қол ақшаға жеңілдетілген тәртіппен әкелуге тыйым салынады;
  • Ұлттық тауарлар каталогы: сауда және өндіріс кәсіпкерлері өз өнімдерін (фотосуреті, сипаттамасы, шыққан тегі, көлемі мен мақсаты көрсетілген) бірыңғай каталогқа енгізуге міндеттеледі. Тұтынушылар ақпаратты QR-код арқылы көре алады.  Маркетплейстерге қойылатын талаптар да күшейтіледі.

№4. ІІМ-нің цифрлық реформасы (Көлік жүргізушілеріне арналған жаңалықтар)

12 шілдеден бастап заңнаманың маңызды блоктары күшіне енеді:

  • емтиханды "автомат" қорапты көлікпен тапсырған қазақстандықтар енді заңды түрде, қайта емтихан тапсырмай-ақ "механика" айдауға көше алады;
  • автокөлікті сатып алу-сату мәмілесін ЭЦП көмегімен электрондық үкімет порталында немесе банк қосымшаларында қашықтан ресімдеу мүмкіндігі пайда болады;
  • көліктерді полицияның тексеру процесі цифрландырылады: инспекторлар VIN-кодтарды фотоға түсіреді, ал электронды тексеру актісі 14 күнтізбелік күн бойы жарамды болады.

Оқи отырыңыз: "Алматы жастары": 5 пайыздық несиемен қалай үй алуға болатынын түсіндіреміз


№5. Тұрғын үй және қалаларды абаттандырудың жаңа ережелері

Тұрғын үй нарығы және жаңа Құрылыс кодексі

1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді. Құжат құрылыс талаптарын қатайтады: сейсмотұрақтылыққа міндетті сынақтар енгізіледі, eGov-та жоқ құрылыс компанияларының реестрі пайда болады және инженерлердің жеке жауапкершілігі бекітіледі. Тұрғын үйлердің минималды кепілдік мерзімі 5 жылға дейін, ал іргетасы мен жүк көтергіш конструкцияларына 10 жылға дейін ұзартылады. Нысаналы құрылыс шектеліп, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын 2 жылда бір реттен жиі өзгертуге тыйым салынады.

Жаңа абаттандыру ережелері мен айыппұлдар

1 шілдеден бастап күшіне енетін ережелер:

  • іргелес аумақ: ғимараттан, қоршаудан немесе сауда нысанынан сыртқа қарай 5 метрлік радиустағы аумақты үй иелері мен жалға алушылар өз қаражаты есебінен тазалап, тәртіпте ұстауға міндетті. Тексерісті жергілікті органдар жүргізеді, әсіресе жеке сектордағы үйлер мен қоршаулардың сыртқы келбеті бақыланады. Ережені бұзғандарға алдымен ескерту беріледі, ал талап орындалмаса 20 АЕК, бір жыл ішінде қайталанса 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады;
  • үй жануарларын серуендету: иелері үй жануарларының нәжістерін тазалауға міндетті. Тек арнайы тақтайшасы бар аумақтарда ғана серуендеуге рұқсат етіледі;
  • аулада көлік қоюға тыйым салу: тротуарларға, балалар мен спорт алаңдарына, жасыл желектер мен газондарға, қоқыс контейнерлері алаңына және арнайы тұраққа арналмаған орындарға көлік қоюға тыйым салынады. Айыппұл көлемі максималды түрде 1,2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін;
  • қар тазалау және көше шамдарының мерзімдері: қар жауа бастағаннан кейін жолдарды тазалау бірден басталуы керек және қар тоқтаған соң 48 сағат ішінде толық аяқталуы тиіс. Шатырлар мен қалқалар айына кемінде 1 рет қар мен мұздан тазаланады. Көшелердегі жұмыс істемейтін шамдар саны 10 пайыздан аспауы керек және олар қатар орналаспауы тиіс.

Оқи отырыңыз: Педагогтерді аттестациялаудың жаңа жобасы: Қандай өзгерістер бар


№6. Тарифтер мен бағалардың өсуі

  • Пойыздардың үстіңгі және астыңғы орындарына бөлек тариф: шілдеден бастап жолаушылар пойызы билеттерінің құны орналасқан сөресіне байланысты бөлек есептеледі. Бұл тарифтік икемділікті арттыру үшін енгізілуде;
  • Тауарлық газ: Газ саласына инвестиция тарту мақсатында көтерме тауарлық газ бағасын 3 жыл ішінде жыл сайын 33 пайызға кезең-кезеңімен өсіру жоспарлануда. Бұл инфляцияны 0,16% арттырады. Сұйытылған мұнай газының бағасы бұрынғы деңгейде қалады.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз