Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен жиында Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты елдердің діни басқармаларының жанындағы Пәтуа кеңестері биылғы Рамазан айы басталатын күнді белгіледі. Бұл туралы 24.kg жазды.
Мұсылмандар қауымы оразаны 19 ақпаннан баста ұстайды. Бұл Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бұрынырақ жариялаған 2026 жылғы діни күндер кестесімен сәйкес келеді.
Сәйкесінше, Қазақстан мешіттерінде алғашқы тарауық намаз 18 ақпанда оқылады.
Еске салайық, биыл Рамазан айында мұсылмандар араға 23 жыл салып, оразаны қыста ұстайды. Биылғы діни күндер естесі бойынша, 2026 жылы Рамазан айы 19 ақпан мен 19 наурыз аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 16/17 наурыз.
Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында мерекеленеді.
USD:
494.9 / 497.9
EUR:
585.0 / 589.0
RUB:
6.39 / 6.51

