Зерттеу нәтижесінде сақтандыру жарналарының тиісті мөлшерден үш есе аз төленіп келгенін, ал уақыттың 5 есе аз жұмсалғанын анықталды.
IBA Group компаниясы 2021 жылдың маусым айында сақтандыру компанияларының қауіпсіздікке жауап беретін қызметкерлері арасында жасырын сауалнама жүргізді. Нәтижесінде көлікке байланысты қандай алаяқтық түрлері көп екені белгілі болды. Ішінде ең көп кездесетіні:
- такси көлігін әдеттегі автомобиль ретінде сақтандыру;
- жол-көлік оқиғасын ұйымдастырып, зақымданған көлікке бұрын сынған басқа автомобильдердің құрал-жабдықтарын қосу;
- апат күні сақтандыру полисін апатқа оған дейінгі датамен рәсімдеу;
- жалғыз немесе өзге тұлғалармен сыбайласа отырып көлікті әдейі зақымдау;
- жол-көлік оқиғасының нақты болған уақытын жасырып, екі рет төлем алу.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы алаяқтықтың жаңа түрлері: пандемия кезінде адамдарды қалай алдайды?
Компания өкілінің айтуынша, жол-көлік апатының "кездейсоқ" шарт жасаған күні болатыны жиі байқалады. Сондай-ақ, көлік иесінің немесе онымен таныс азаматтардың көлікті қасақана зақымдауы жиі кездеседі. Осы орайда, IBA Group компаниясының VAS өнімін дамыту жөніндегі менеджері Дмитрий Васильков талдау жүргізуге арналған электронды бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.
"Компанияларда талдау жүргізуге арналған бағдарламалық жасақтамалар жоқ. Алайда респонденттердің 90%-ы мұндай автоматтандырылған жүйенің өзі үшін пайдалы екенін мойындап отыр. Жуырда мұндай платформаны сұралғандардың 15%-ы пайдаланбақ. Жалпы, бұл секілді автоматтандырылған жүйенің болуы күдік тудырған жағдайды жылдам тексеруге тікелей әсер етеді", – деді маман.
Респонденттердің 60%-ының айтуынша, бір істі талдап-тексеруге 1-2 апта кетеді. Сондай-ақ, компаниялардың 25%-ында тергеу мерзімі бір айға дейін созылуы мүмкін.
Сарапшылар сақтандыру компанияларының бірінде дайын автоматтандырылған құралды пайдаланып, қанша уақыт пен ақша жұмсалатынын тексерді. Нәтижесінде сақтандыру жарналарының тиісті мөлшерден үш есе аз төленіп келгенін, ал уақыттың 5 есе аз жұмсалғанын анықтады.
"Компаниялар автоматтандырылған жүйенің арқасында талдап-тексеруге кететін уақыттың қысқарып, өңделетін кейстің азая түсетінін жақсы түсініп отыр. Мұндай құралдар әдетте назардан тыс қалып қоятын алаяқтық схемаларын бірден көруге мүмкіндік береді. Бұл алаяқтарға кетіп жатқан ақшаны азайтып, компанияның беделі мен қаржылық жағдайын тұрақтандыруға оң әсерін тигізеді", – деді IBA Group компаниясының VAS өнімін дамыту жөніндегі менеджері Дмитрий Васильков.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-