Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сериялық алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандықтың Түркиядан экстрадицияланғанын хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкент қаласының төрт тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 95 млн теңгені құрайды.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейін ол Түркия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.
Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеу және жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17