Рахман Алшанов: "Алтын белгі" иелері төрт жылда 4 есе өсті, талапты күшейтетін уақыт келді

Академик 12 жылдық білім беру жүйесі қажет екеніне тоқталды.

Соңғы төрт жыл ішінде "Алтын белгі" алғандар саны 4 есе өсті. Бұл керісінше талаптарды жеңілдетудің орнына, қатаңдату керек екенін білдіріп отыр, деп мәлімдеді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанов.

"Алтын белгі" жүйесі бізде болған және қазір де бар. Неге тіл, тарих, физиканы оқып үлгерген бала математиканы шығара алмайды? Бұл – қалыпты нәрсе. Сол себепті, біз балаларды білуге, дағдыларды меңгеруге баулуымыз керек. Олар теория жүзінде алған білімді өмірде қолдана білуі тиіс. Бұл оларға көмектеседі", – деді ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогикалық білім беруді дамыту орталығының директоры, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатика пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Алма Әбілқасымова.

Мұнымен қатар, академик бүгінде 12 жылдық білім беру мәселесінің өзекті болып отырғанына тоқталды. Айтуынша, бұл отандық білім сапасын шетелдің озық білім бағдарламаларымен теңестіруге көмектеседі. 


Оқи отырыңыз: "Алтын белгі", "Алтын алқаның" сатылуы – марапат құны қалмағанының белгісі ме?


"2001 жылы 12 жылдық білімге көшу мәселесі қолға алынды. 2004 жылы Қазақстан мұғалімдерінің І съезі өтті. Сол жерде 12 жылдық білім беруге көшу арқылы мектеп деңгейін арттыруға қадам басуымыз керектігі туралы айтылды. Жарты жыл, бір жыл бойы тіл үйреніп жатпай балаларымыз мұны шетелге біліп баратын еді. 1-сыныптан бастап ағылшын тілі, информатика сынды пәндерді оқыту тапсырылды. Осының барлығы ескеріліп, сол кездегі үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетов қаулы шығарып, 2003 жылы эксперимент жасауға кірістік. Республикалық 12 жылдық білім беру орталығы ашылды. Эксперимент он екі жыл бойы өтіп шыққан соң Назарбаев зияткерлік мектебі тарапынан ұсыныс болып, жаңа мазмұнға көштік. Осылайша 12 жылдығымыз жаңа мазмұнға ие болды. Бұл күн тәртібінде тұрған мәселе, мемлекет тарапынан түрлі шара жасалып жатыр. Ол біз үшін керек және алдағы уақытта болады деп ойлаймын", – деп қосты Алма Әбілқасымова.

Сондай-ақ, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанов "Алтын белгі" иегерлеріне қойылатын талапты күшейту мәселесіне тоқталды. 

"Қазақстанда медалистер саны соңғы төрт жылда 4 есе өсті. Бұл керісінше "Алтын белгі" алу жолының оңай бола түскенін көрсетеді. Сондықтан керісінше талаптарды қатаңдата түсуді сұрауымыз керек шығар", – деді Рахман Алшанов. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Бөлісу:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары