
Qazaq Air әуе компаниясы Астана қаласынан Өзбекстанның Самарқанда қаласына ұшатын әуе рейсін 1 мамырдан бастап іске қосуды жоспарлап отыр. Компанияның хабарлауынша, бұл бағыт Түркістан қаласы арқылы ыңғайлы транзитпен жүзеге асырылады.
"Енді жолаушылар әлемнің ең көне қалаларының біріне саяхаттаумен қатар, Қазақстанның рухани әрі тарихи орталығы Түркістанда уақыт өткізе алады", – делінген компания хабарламасында.
Астана – Самарқанд әуе рейстері бейсенбі мен жексенбі күндеріне белгіленген:
Бейсенбі:
- IQ369 Астана (16:15) – Самарқанд (20:00). Түркістан қаласынан ұшу уақыты: 19:10.
- IQ510 Самарқанд (21:00) – Астана (01:30). Түркістан қаласына келу уақыты: 21:10.
Жексенбі:
- IQ369 Астана (07:25) – Самарқанд (11:00). Түркістан қаласынан ұшу уақыты: 10:10.
- IQ510 Самарқанд (12:00) – Астана (15:30). Түркістан қаласына келу уақыты: 12:00.
Жолаушылар канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 ұшақтарымен қатынайды.
Оқи отырыңыз: Астана мен Самарқанд арасында туристік темір жол бағытын іске қосу жоспарланып отыр