Тікелей эфир

Париж Олимпиадасына спортшы жібермейтін үш облыс қайсы

Қазақстандық спортшылар биыл 92 лицензия бойынша Олимпиадада бақ сынайды.

26 шілдеде басталатын Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады. Олар 92 лицензия бойынша Олимпиада жүлделеріне таласады. 

Ең көп лицензия бокс, дзюдо және жеңіл атлетикаға тиесілі. Ал Қазақстан үшін басым спорт түрі болып саналатын ауыр атлетикадан бірде-бір лицензия жоқ. 

Elorda.info порталының талдауына сәйкес, Олимпиадаға көп спортшы жіберетін өңірлер көшін Астана (13 спортшы), Алматы (13 спортшы), Шымкент (13 спортшы) қалалары және Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр. Олимпиадаға Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарынан 5-тен, Қызылорда облысынан 4, Атырау, Ақтөбе, Ақмола облыстарынан 2-ден және СҚО, БҚО, Абай және Павлодар облыстарынан 1-ден спортшы аттанады. 


Оқи отырыңыз: Олимпиада в Париже: Токаеву доложили о подготовке сборной


Ал Қостанай, Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан биыл бірде-бір спортшы Олимпиада лицензиясына ие болмады. 

Айта кетейік, 92 лицензия – Қазақстанның Олимпиадаға қатысу тарихындағы ең аз көрсеткіш. 

Серіктестер жаңалықтары