Мүфтият электронды кітапханасын іске қосты

Электронды кітапхана ҚМДБ ресми сайтының қосымшасы ретінде жұмыс істейді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы электронды кітапханасын іске қосты, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Ол Мүфтият ресми сайтының қосымшасы ретінде жұмыс істейді.

ҚМДБ ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Серікбол Хасанның түсіндіруінше, электронды кітапхана "Кітаптар", "Басылымдар", "Құжаттар", "Ғылыми жұмыстар", "Сөздіктер" және өзге де бірнеше айдарға бөлінген. "Кітаптар" айдарында "MUFTIYAT" баспасынан шыққан кітаптар, қазақша және орысша діни кітаптар орналасқан. Ал "Басылымдар" айдарынан оқырмандар "Мұнара" газеті мен "Иман" журналының әр жылдардағы сандарының PDF нұсқасымен таныса алады.

"Электронды кітапхана" жобасы ҚМДБ тарапынан мақұлданған кітаптарды жинақтай отырып, цифрландыру әрі жүйелеу мақсатында жүзеге асырылды. Діни кітаптар базасы жинақталған жоба қарапайым оқырмандар үшін де, дін қызметкерлері үшін де қолжетімді.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз