Энергетика сарапшысы: Көмір станцияларынан әзірге бас тартудың қажеті жоқ

Ернұр Жиенбаев газ және гидроэнергетиканы дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Елде атом станциясын салуға қарсымын. Өйткені, біз оған техникалық тұрғыдан дайын емеспіз, деп мәлімдеді сарапшы Ернұр Жиенбаев. Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасында айтылды.

"Алдағы 10 жылға жоспарланған мемлекетіміздің экономикалық дамуы мен электр энергиясын тұтынудың артуы – дефицитке алып келетін басты себеп. Сондай-ақ, кеңес дәуірінен қалған станциялар "өз өмірін аяқтауға жақын". Сондықтан Қытай еліндегідей көмір станцияларын жабудың қажеті жоқ. Алдағы өтпелі кезең 4-5 жылда қажет деп ойлаймын. Бірақ олардың орны не болатыны әзірге белгісіз", – деді Ернұр Жиенбаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстанға қандай ядролық реактор қажет? Сұхбат


Тәуелсіз сарапшының айтуынша, қазір электр станцияларының қуаттылығын арттырмай, келешекте пайда болатын тапшылықты тек сыртқы көздердің көмегімен жабуға болады.

"Орташа есеппен елде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 2-3 пайызға артады. Мысалы, соңғы жылы 100 миллиардтан асса, алдағы он жылда 120 млрд кВт\сағат болады", – деді сарапшы.

Мұнымен қатар, Ернұр Жиенбаев атом станциясын салу жобасын қолдамайтынын айтты.

"Біріншіден, атом станциясын салуға техникалық жағынан дайын емеспіз. Менің ойымша, одан гөрі газ энергетикасына көңіл аударуымыз керек. Кеңес дәуірінен қалған маңызы бар көмір станцияларын жөндеп, соның қуатын күшейтіп, жаңартуымыз керек. Алдағы 4-5 жылда олар керек болады. Одан кейін газ энергетикасы, гидроэнергетика және жаңартылған энергия көздерін дамытуымыз қажет", – деп қосты сарапшы.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары