Тікелей эфир

"Бюрократиядан босатады". Аймағамбетов "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң жобасы жайында

15 мамырда Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң жобасына депутттар берген түзетулерді жұмыс тобы қабылдағанын жазды

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда ғылыми зерттеулер жасау үшін қажетті тауарларды сатып алу процесі өте бюрократияланған. 

"Зерттеулер үшін қажетті материалдарды алу үшін өтініш кафедра меңгерушісінен бастап декан, проректор және мемлекеттік сатып алушыға дейін көптеген инстанциялардан өтуі керек, одан кейін тендер жарияланып, ол айларға, тіпті жылдарға созылады. Ал ғылым үшін әрбір күн маңызды болғандықтан, мұндай қиындықтар зерттеуді толықтай мағынасыз етеді", – деді мәжіліс депутаты. 


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Бір ғылыми жетекшіге 15 докторант бекіту дұрыс емес


Сәйкесінше, жаңа заң жобасы ғалымдарды аталған бюрократиялық кедергілерден босатуға мүмкіндік береді. 

"Сатып алулар енді "Мемлекеттік сатып алу" заңымен емес, уәкілетті министрліктің бекіткен арнайы ережесімен реттеледі. Бірақ, бұл мәселені шешкенде, біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің де алдын алу мәселесін қарауымыз керек. Сондықтан ашықтық пен цифрландыру арқылы бұл талап орындалатын болады. Ғылым үшін бұл шешім не береді?Бұл өзгерістер тек қажетті материалдарды алуды жеделдетіп қана қоймай, сонымен қатар цифрлық платформалар арқылы тәуекелдерді басқару мен бақылауды қамтамасыз етеді. Ол ғалымдарға зерттеулерді жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ғалымдар енді ресурстарды күтуге көп уақыт жоғалтпайды", – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Серіктестер жаңалықтары