USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Бір орынға – 36 адам. Медициналық ЖОО-на гранттар бойынша ең ірі конкурс стоматология мамандығына болды

Денсаулық сақтау саласына 2700 грант бөлінді.

2023 жылы денсаулық сақтау саласына 2700 грант бөлінді. Ең ірі конкурс стоматология мамандығы бойынша өтті, деп хабарлады ұлттық тестілеу орталығы.

Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға үміткерлерден 5 814 өтініш қабылданды. Олардың басым бөлігі қала мектептерінің түлектері – 3389 адам (58,3%), ал 41,7% (2425) ауылдан келгендер.

"Ең үлкен конкурс стоматология мамандығы бойынша болды. Болашақ тіс дәрігері атағын алуға бір гранттық орынға 36 талапкер өтініш білдірді. Келесі үштікке денсаулық сақтау және фармацияболды:  бір орынға алты адамнан болды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шымкенттік алаяқ 150 жуық адамды қайтарымсыз грант алып беремін деп алдады


Грант жеңіп алған болашақ тіс дәрігерлерінің көбі Түркістан (30), Жамбыл (14) облыстары, Алматы (11) және Шымкент (11) қалаларының тұрғындары. Олар өз мамандығы бойынша Астана медицина университетінде (32 грант), Қазақстан-Ресей медицина университетінде (17 грант), Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінде (17 грант) білім алуда. Грант бойынша орташа балл – 119, ең төменгі балл – 72.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз