USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

Қоғам қайраткері 71 жасқа қараған шағында өмірден озды.

71 жасқа қараған шағында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев өмірден озды. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлады.

Бердібек Сапарбаев  / Фото: Informburo.kz

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

2014-2015 жылдары премьер-министрінің орынбасары болды. Әр жылдары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімі болды.

2019 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды. 2019-2020 жылдары премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылдың ақпанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болды. Одан кейін "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне кірісті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз