USD: 484.7 / 487.7
  • EUR: 559.5 / 564.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Астанада көліктен 7 келіден астам есірткі табылды: күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Заңсыз айналымнан алынған есірткінің жалпы салмағы 7 келіден асқан.

Астанада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында есірткі сақтап, оны таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы полиция хабарлады.

ІІМ мәліметінше, күдіктінің көлігін тексеру кезінде өзіне тән иісі бар сұрғылт-жасыл түсті зат салынған пакет, екі литрлік бөтелке және дәл осындай зат толтырылған екі бес литрлік ыдыс табылған. Сонымен қатар электронды таразы тәркіленген.

"Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың гашиш екені анықталды. Заңсыз айналымнан алынған есірткінің жалпы салмағы жеті келіден асқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Полиция есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу ауыр қылмыс болып саналатынын еске салды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жедел-профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз