Тікелей эфир

Астана іргесінде жаңа ауыл құрылып, үш станция ауыл мәртебесін алады

Жаңадан құрылатын ауылда 3,5 мыңнан астам адам тұрады.

Ақмола облысы Целиноград ауданы мәслихатының шешімі мен аудан әкімінің қаулысымен тұтынушылар кооперативі негізінде жаңа "Нұра" ауылы құрылады. 

Аудан әкімдігінің түсіндіруінше, бүгінде Қызыл суат ауылдық округіне қарасты "Нұра" тұтынушылар кооперативіндегі адамдардың нақты саны 3500-ден асып кеткен. 2 мың жер телімі бар. Астана қаласымен байланыстыратын жыл бойғы автобус тасымалы бар. 

Сәйкесінше, бұл елді мекенге қоныстанушылардың саны артып, тұрмыстың жандануына байланысты мектеп, емхана, учаскелік полиция пунктін салу, жарықтандыру, жол салу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындаған. Осы мақсатта "Нұра" тұтынушылар кооперативі негізінде "Нұра" ауылын құру жоспарланып отыр. 


Оқи отырыңыз: Бұрынғы заңгер, бүгінгі блогшы Астананың тарихын қалай түгендеп жүр


Сондай-ақ, аудандағы үш станция ауыл болып қайта құрылады.

  • Тасты ауылдық округінің шекараларында Тастақ станциясын Тастақ ауылы болып қайта құру;
  • Арайлы ауылдық округінің шекараларында Қосшоқы станциясын Қосшоқы ауылы болып қайта құру;
  • Арайлы ауылдық округінің шекараларында Жайнақ станциясын Жайнақ ауылы болып қайта құру көзделіп отыр. 

Аталған станциялардың үшеуі де Астана қаласынан 30-50 шақырым жерде орналасқан. 

Серіктестер жаңалықтары