Тікелей эфир

Ақтауда жаңа үй тұрғындары электр бағасын заңды тұлға ретінде төлеуге мәжбүр

Компания 2023 жылдың бірінші жарты жылдығы соңына дейін жағдайды реттеуге уәде беріп отыр.

Ақтауда тұрғындар электр жарығы үшін ай сайын 20 мың теңге төлеуге мәжбүр. Сондай-ақ, олар компания жарық берушіге қарыз болғандықтан, көп жағдайда тас түнекте отыратынын айтады, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Бір шара қолдансын, мынау деген сұмдық! Суымыз дұрыс ақпайды, жарығымыз өшіп қала береді. Ай сайын ақшасын төлесек те, жарықты өшіріп тастап отыр. Жарықтың өзіне ай сайын 22 мың теңге төлеймін", – деді тұрғын Камилла Масабаева.

Тағы бір тұрғын Зейнолла Батықов басшылықтың уәдесінде тұрмайтынын айтады. 

"Ақырында біздің шотымызды бұғаттап тастады. Бұлар салық төлемеген соң болуы керек", – деді Зейнолла Батықов.  


Оқи отырыңыз: 30 жылдан бері теміржол өткелінен өтіп шаршаған астаналықтар көпір салып беруді сұрайды


Тұрғындардың айтуынша, үйдің құрылыс жұмысы аяқталмағандықтан, жарыққа заңды тұлғаға арналған тарифпен төлеуге мәжбүр. Ал компания өкілдері жұмысты биылдан қалдырмай бітіруге уәде беріп отыр. 

"Жарықты шама келгенше сөндірмеуге тырысып жатырмыз. Маңғыстау Жарық, АУЭС жөндеу жұмыстарына байланысты өшірген болатын. 2023 жылдың жарты жылдығына дейін тұрғындардың арыз-талабына байланысты толықтай құрылыс жұмысын бітіруге жұмыстанып жатырмыз", – деді "Интерьер Строй Актау" ЖШС құрылтайшысы Мейірбек Набиев. 

Дегенмен, тұрғындардың құрылтайшы сөзіне сенгісі жоқ. Өйткені бұған дейін де берген уәдесі көп еді, деп отыр. Сол себепті халық бұл мәселені облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзіне барып айтпақшы. 


Оқи отырыңыз: Қарағандыда ағынды судың 70 пайызы тұрғындар шомылатын су қоймасына құяды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары