USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Алматыда тозығы жеткен жекеменшік электр желілері коммуналдық меншікке өтеді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Қалада электр желілеріне қатысты жүйелі мәселе анықталды.

Алматы әкімдігінде қала әкімі Дархан Сатыбалдынің төрағалығымен иесіз және жекеменшік электр желілерін коммуналдық меншікке беру мәселесіне арналған кеңес өтті.

Әкімдіктің мәліметінше, жиында жекеменшік электр желілерін пайдаланудағы жүйелі мәселелер, электр қуатының жиі өшу себептері және оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары талқыланды.

Кеңесте айтылғандай, қаладағы жекеменшік электр желілерінің едәуір бөлігі әбден тозған және техникалық қызмет тиісті деңгейде көрсетілмейді. Бұл апаттық өшірулерге, кернеудің тұрақсыздығына және тұрғындар шағымының көбеюіне себеп болып отыр.

"Алатау Жарық Компаниясы" мәліметінше, кейбір жекеменшік желілердің тозу деңгейі 80 пайыздан асады. Электр желілерінің есепке алынуы мен баланстық тиесілігін анықтайтын ашық жүйенің жоқтығы олардың пайдаланылуы мен жаңғыртылуын қиындатып отырғаны айтылды.

Кеңес барысында соңғы алты айда Алматыдағы электр қуатының өшу жағдайларының шамамен 45 пайызы немесе 295 оқиға жекеменшік желілерге тиесілі болғаны хабарланды.

Әсіресе Наурызбай ауданы, Бостандық ауданы, Медеу ауданы және басқа да аудандардағы проблемалық учаскелер жеке қаралған.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі ведомствоаралық үйлестіруді күшейтіп, иесіз желілерді коммуналдық меншікке қабылдау жұмысын жеделдетуді тапсырды. Кейін бұл желілерді пайдалану АЖК-ға беріледі.

"Басымдық тұрғын үй кешендері, апаттық учаскелер және әлеуметтік маңызы бар нысандарға беріледі. Сонымен қатар желілердің тиесілігін анықтау, жеке есепшоттар ашу және оларды әрі қарай пайдалану тетіктерін біріздендіру міндеті қойылды. Бұл жұмыстарға әкімдіктің салалық басқармалары, энергетикалық қадағалау органдары, қала прокуратурасы және АЖК қатысады", – делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, қабылданатын шаралар апаттық жағдайларды азайтып, электрмен жабдықтау сапасын арттыруға, желідегі шығындарды қысқартуға және әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз