Тікелей эфир

"Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды". Air Astana айыппұлға қатысты сот шешіміне шағым түсіреді

Бұған дейін әуе компаниясына әр билеттен жанармай алымын негізсіз алғаны үшін 6,7 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған еді.

Air Astana Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің әуе компаниясына әкімшілік айыппұл салу туралы ақпаратына қатысты мәлімдеме жасады.

"Әуекомпания құрылған күнінен бастап өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Әуекомпанияның көптеген тергеулері мен тексерулері монополиялық жоғары бағаларды белгілеу үшін, тасымалдаушының жұмысында бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Агенттік жүктеген құқық бұзушылық тек қана отын алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз", – деп жазылған мәлімдемеде.

Сонымен қатар Air Astana әуе компанияларының отын алымын алуы заңды құқық екенін, ол "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" заңда қарастырылғанын жеткізді.

"Бүгінгі таңда бұл норма қолданылады, бұл туралы агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша соттың істі қарауы көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуе компаниясы сот актісіне шағымданады. Ал агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды, бұл Астана қ. МАӘС-тың агенттіктің әрекеттерін/әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы (заңды күшіне енбеген) шешімімен расталады", – дп мәлімдеді Air Astana.


Оқи отырыңыз: "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды


Еске салайық, 2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana-ға 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған еді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары