USD: 469.9 / 472.5
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

Ұшақта домбыра алып жүруге рұқсат: Көлік министрлігі жаңа ереже ұсынды

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ
Ұшақта жануар тасымалдау мен өтемақы төлеу тәртібі өзгереді.

Қазақстанда әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Көлік министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында музыкалық аспаптарды ұшақ салонында алып жүруге рұқсат беру, жолаушылардың құқықтарын күшейту және қызмет көрсету сапасын арттыру көзделген.

Жобаға сәйкес, қорғаныш қаптамасына салынған музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыра мен қобызды, белгіленген талаптар сақталған жағдайда ұшақ салонында тасымалдауға мүмкіндік беру ұсынылады.

Музыкалық аспаптың өлшемі 110×35×30 сантиметрден, ал салмағы 10 келіден аспауға тиіс. Сонымен қатар оларды қол жүгі ретінде, жеке жолаушы орнына орналастырып немесе тіркелген багаж ретінде тасымалдау тәртібі нақтыланады.

Жоба аясында:

  • әуе компанияларының талаптарына сәйкес жануарларды ұшақ салонында тасымалдауға мүмкіндік беру;
  • мүгедектігі бар жолаушыларға берілетін жеңілдіктерді заңнамалық деңгейде бекіту;
  • әуе кемесі сыйымдылығы төмен ұшаққа ауыстырылған жағдайда балалар, мүгедектігі бар адамдар, ауыр науқастар, жүкті әйелдер және зейнеткерлерге басымдық беру;
  • рейс кешіккен жағдайда жолаушыға тиесілі өтемақыны 10 күнтізбелік күн ішінде төлеу талабын енгізу;
  • тасымалдаушының кінәсінен тіркелмеген қол жүгі бүлінсе, әуе компаниясының жауапкершілігін белгілеу ұсынылған.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл өзгерістер жолаушылардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әуе тасымалының ашықтығы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған.

Құжат жобасы қазір "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Барлық мүдделі азаматтар оған қатысты ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау