Тікелей эфир

2022 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді.

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі шықты. Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми Telegram арнасында жарияланды. 

Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарады. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кірді. 

Айта кетейік, биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ, ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді. Құжаттар  13-22 шілде аралығында қабылданды.

Тізім республикалық БАҚ беттерінде де жарияланатын болады.

Еске салайық, жоғары оқу орындарына құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық университеттер пікірсайысшыларға білім грантын береді

Серіктестер жаңалықтары