Тікелей эфир

Алматылықтарға коронавирус бойынша тегін кеңес беретін желі іске қосылды

Қала тұрғындары оған медициналық көмек алу бойынша туындаған мәселелерін шешу үшін хабарласа алады.

"Аман-саулық" қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Алматы тұрғындары мен медицина қызметкерлері коронавирус бойынша хабарласуға болатын тегін телефон желісін іске қосты. Тәулік бойы жұмыс істейтін желі телефоны – 221 85 05.

Мұндағы мақсат:

  • медициналық көмек алуда туындаған проблемаларды шешу;
  • дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • коронавирус инфекциясы мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
  • медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау.

"2020 жылы пандемия өршігенде Қазақстан халқы күрделі мәселелерге тап болды. Науқастардың көптігінен стационарларда орын болмады. Ауруханаға жатқызуда қиындықтар туындады. Емдеу мекемелерін дәрілік заттармен жабдықтауда мәселелер болды. Дәріханаларда дәрі-дәрмек табылмады. Жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы байқалды. Табылса да, қымбат бағада сатылды. ПТР тест құны қазақстандықтарға қолжетімді болмады. Өйткені, карантин іс-шаралары кезінде кірістері азайып, табысынан айырылған азаматтар көбейді", – делінген "Аман-саулық" ҚҚ хабаралмасында.


Оқи отырыңыз: Алматыда ауруханаға тәулігіне 300 науқас коронавируспен жатқызылса, локдаун енгізіледі


Пандемия басталғанда тек мемлекеттік "шұғыл желі" телефондары болды. Азаматтар ғана емес, медицина қызметкерлері де кеңес ала алатын үкіметтік емес ұйымдардың желілері болған жоқ.

"Аман-саулық" ҚҚ азаматтардың көмек алу, медицина қызметкерлерінің жеке қорғану құралдарымен жеткілікті қамтамасыз ету, үстемеақы төлеу, ауруды жұқтырған немесе қайтыс болған жағдайда мемлекеттен өтемақы төлеу құқықтарына қатысты да көптеген бұзушылықтар болғанын айтады. 

Жобаның ұзақ мерзімді мақсаты – мемлекет саясатының тиімділігін арттыру және мемлекет – қоғам – бизнес арасындағы ынтымақтасық арқылы денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз қоғамдық мониторингті дамыту.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары