Ораза айты үш күн мерекеленеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылмандарды қасиетті Ораза айтымен құттықтады.
"Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдырады. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасиетті мерекемен, сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтады.
"Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы. Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады. Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын" – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оқи отырыңыз:
- Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады
- ҚМДБ ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады
- Ораза айт күні сәресін ішу керек пе?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
255
-
0
-
3
-
-
2Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
263
-
0
-
2
-
-
3🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
274
-
0
-
9
-
-
4🔥⛽️ Петропавлда жанармай құю бекеті өртенді
-
266
-
0
-
4
-
-
5Қайтыс болған азаматты жерлеуге мемлекет қандай көмек береді?
-
265
-
0
-
4
-
-
6😱Қарағандыда тұрғындар жаппай жылытқыш қосып, қала жарықсыз қалды
-
265
-
0
-
6
-
-
7Алматы облысында тұрғындардың
-
250
-
0
-
1
-
-
8👀Батыс Қазақстан облысындағы Сұлусай ауылы таратылуы мүмкін
-
237
-
0
-
1
-
-
9💬Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитеті Қарағанды маңындағы ұшақ апатының ықтимал себептерін атады
-
263
-
0
-
4
-
-
10Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады
-
254
-
0
-
2
-