Ораза айт – мұсылман халқы үшін маңызды мерекенің бірі. Бір ай бойы ұстанған ораза тәмамдалып, мүміндер айт мерекесін қарсы алады. Ал осы мереке күні қай дұғалар мен сүрелерді оқу керек, қандай амалдар жасаған дұрыс? ҚМДБ нұсқауына сүйене отырып, айт күні жасалатын амалдар мен дұғалар туралы баяндаймыз.
Пітір садақасын беру
Пітір садақасы Рамазан айы басталғаннан айт намазына дейінгі аралықта берілуі тиіс. Айт намазына дейін үлгермегендер бірінші кезекте осы міндетті орындауы керек, өйткені намаздан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып есептеледі.
Биылғы жылы пітір садақасының мөлшері 735 теңге деп белгіленді. Оны Рамазан айында жаңа туған сәбиден бастап үлкен жасқа дейінгі әрбір адам беруге міндетті.
Пітір садақасын мешітке апарып тапсыруға немесе банк қосымшалары арқылы онлайн жіберуге болады.
Бұл үзіндіні редакциялап, ақпараттық сайтқа лайықты нейтрал және түсінікті тілге келтірейін:
Ниет – пітір садақасын беру кезіндегі басты шарт. Пітірге жеп ақша бөлген сәтте, мұқтаж адамға тікелей берген іштей "пітір садақасы" деп ойлау жеткілікті. Пітірді алушыға оның пітір екенін айтып түсіндірудің қажеті жоқ, алушының бұл туралы білуі де шарт емес. Сондықтан пітірді "сыйлық" немесе "айттық" деп берудің еш кедергісі жоқ.
Тәкбір айту
"Аллаһу акбар, Аллаһу акбар! Лә илааһа иллаллаһу, уаллаһу акбар! Аллаһу акбар, уә лиллаһил хамд!".
Мағынасы: "Алла ұлық, Алла ұлық! Алладан басқа тәңір жоқ! Алла ұлық! Алла ұлық! Барлық мақтау Аллаға тән!".
Айт намазын оқу
Айт намазы екі рәкаттан тұрады. Азан мен қамат айтылмайды. Айт намазының өзге намаздан ерекшелігі, Айт намазының әрбір рәкатында үш тәкбір айтылады. Бұл тәкбірлерді орындау – уәжіп. Бұл тәкбірлер бірінші рәкатта қырағаттан бұрын, ал екінші рәкатта қырағаттан кейін айтылады.
Бірінші рәкат: Имам намазды бастағанда, айт намазына ниет етіп "Аллаһу әкбар" деп тәкбір алғаннан кейін, қолын кіндік тұсына байлап, "субханака" дұғасын оқиды. Жамағат та: "Айт намазын оқуға ниет еттік, ұйыдық имамға" деп ниет етеді де тәкбір алып, қолдарын кіндік тұсына байлайды да "сүбханака" дұғасын оқиды. Артынша имаммен бірге үш рет тәкбір тартады. Имам екі қолын құлақ тұсына апарып "Аллаһу әкбар" деп дауыстап бірінші тәкбірді алады да, қолын кіндік тұсына байламай, екі жағына түсіреді. Жамағат артынша бәсең дауыспен имамның тәкбірін қайталап, қолды құлақ тұсына апарып тәкбір алып, имам секілді қолды байламай екі жанына түсіреді. Осылайша екінші және үшінші тәкбір айтылады. Имам үшінші тәкбірді айтқаннан кейін қолды байлап, іштей "ағузу" мен "бисмиллаһты" оқиды. Сосын "Фатиха" сүресі мен қысқа сүре немесе аяттардан дауыстап оқиды. Артынша басқа намаздардағыдай рукуғ пен сәжде жасалады.
Екінші рәкат: Имам мен жамағат екінші рәкатқа тұрады, қол кіндік тұсына байланады. Имам "Фатиха" сүресі мен қосымша бір сүре дауыстап оқиды (жамағат үнсіз тұрады). Артынша бірінші рәкаттағы секілді үш мәрте тәкбір алады, әр тәкбірде (бірінші рәкаттағыдай) қолды кіндік тұсына байламай екі жағына түсіреді. Төртінші мәрте тәкбір айтып рукуғқа барады. Бұл төртінші тәкбір, рукуғтың тәкбірі болып саналады. Артынша сәжде жасалады, соңғы отырыста "әт-Тахият" пен салауат, дұға оқылып намаз тамамдалады.
Айт намазы туралы толығырақ төмендегі материалдан оқыңыз:
Алладан береке мен мейірім тілеу
“Аллаһумма тақаббал миннә сийәмәна уа қиәмәнә уа салихә ә’малинә, уадж’алнә мин әл-мұтақаббалин. Аллаһумма адхилнә фил-джәннәти ма’әл-әбрар, я Архамар-рахимин!”
Мағынасы: "Уа, Алла! Бізден ұстаған оразамызды, оқыған намаздарымызды және жасаған ізгі амалдарымызды қабыл ет! Бізді қабыл болған құлдарыңның қатарына қос! Бізді ізгі жандармен бірге Жәннатқа кіргіз!".
Отбасы мен жақындарға береке тілеу дұғасы:
“Аллаһумма барик ләнә фи әҳлина уа әуләдина, уағфир ләнә уа ли-уәлидайна уа ли-джами’ил-муслимин. Аллаһумма иннә нес’әлукә мин фадликә уа рахматикә!”
Мағынасы: "Уа, Алла! Отбасымызға, балаларымызға береке бер! Бізді, ата-аналарымызды және барша мұсылмандарды кешір! Сенің кеңшілігің мен мейіріміңді сұраймыз!".
Материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға
"Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина".
Мағынасы: "Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын". (Муслим)
Өзіңіз бен жақындарыңызға амандық сұрайтын дұға
"Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти".
Мағынасы: "Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын!".
Күнә-қателіктеріңіз үшін кешірім сұрау дұғасы
"Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунуубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!"
Мағынасы: "Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!" (Бухари, Муслим)
Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы былай деп дұға айту:
"Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!".
Мағынасы: "Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!".
Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға
"Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл".
Мағынасы: "Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын". (Бухари)
Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну
"Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт".
Мағынасы: "Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ". (Бухари, Әдәбул Муфрад)
Ата-ана үшін жасалатын дұға
"Роббир-хәмһумә кәмә роббәяни соғиро".
Мағынасы: "Раббым, мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!"
Салиқалы ұрпақ сұрау
"Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и".
Мағынасы: "Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!"
Перзент тілеу дұғасы
"Рабби һәб лии мил-ләдункә зуррийәтән таийбән, иннәкә сәмииъуд-дуъәә".
Мағынасы: "Раббым! Маған Өз қасыңнан ізгі ұрпақ сыйла! Расында Сен тілекті естушісің!"
Ризық сұрау
"Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира".
Мағынасы: "Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар".
Жақсылық сұрау
"Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби".
Мағынасы: "Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір".
Береке сұрау
"Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-жәннәһ".
Мағынасы: "Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені сұраймын".
"Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!"
Мағынасы: "Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!"
Алланың разылығын сұрау
"Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә".
Мағынасы: "Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын".
Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға
"Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!"
Мағынасы: "Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!".
Қайтыс болған адамдар үшін оқылатын дұға
"Раббәнә ғфир ләнә уәлиихуәнинәл ләз̃иинә сәбәқуунә билиимәни уәлә тәжъал фии қулуубинә ғилләл лилләз̃иинә әмәнуу раббәнә иннәкә рәууфур рахиим".
Мағынасы: "Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір жек көрушілік қылма» дейді".
USD:
479.7 / 482.5
EUR:
553.0 / 558.0
RUB:
5.61 / 5.81