USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.45 / 6.57
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Жалақыдан ұсталатын салық 41 пайыздан 25 пайызға азаюы мүмкін

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Депутаттар салық жүйесін жеңілдетуді ұсынды.

Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттары жалақыдан ұсталатын салық пен әлеуметтік төлемдерді қысқарту туралы бастама көтерді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Халық қалаулыларының айтуынша, қазіргі таңда жалақыдан 7 түрлі салық пен жарна ұсталып, жалпы жүктеме 41%-дан асады. Бұл қызметкерлердің таза табысын азайтып, жұмыс берушілерге де қосымша шығын әкелуде.

Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетовтың мәліметінше, мысалы, орташа жалақысы 430 мың теңге болатын қызметкер үшін жұмыс беруші шамамен 146 мың теңгені салықтар мен жарналарға төлейді.

Депутаттың пікірінше, осындай жоғары жүктеме көлеңкелі экономиканың өсуіне әсер етеді. Кейбір жұмыс берушілер шығынды азайту үшін қызметкерлерді ресми тіркемей, еңбекақыны "конвертпен" төлеуге көшеді.

Осыған байланысты салық пен әлеуметтік төлемдерді біріктіріп, жалақыдан ұсталатын жалпы мөлшерді 25%-бен шектеу ұсынылып отыр.

Экономист Бауыржан Ысқақ бұл бастаманы пилоттық жоба ретінде енгізуге болатынын, алайда қысқа мерзімде бюджет кірісі азаюы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұзақ мерзімде бұл ресми жұмыспен қамтылғандар санын арттырып, әлеуметтік төлемдер жүйесін кеңейтуі ықтимал.

Депутаттардың есебінше, бүгінде елімізде 9 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Алайда олардың 2,5 миллионнан астамы ресми тіркелмегендіктен, зейнетақы мен медициналық сақтандыру жүйесіне қатыспайды. Егер олар заңды түрде тіркелсе, бюджет кірісі 1 триллион теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз