USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Ораза айт – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтетінін, алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіретінін атап өтті. Бұл халықтың ынтымағы нығайтып, бірлігін бекіте түседі.

"Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар. Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз. Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз