USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.45 / 6.57
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Танымал стенд-ап комик Нұрлан Сабуровтың басы тағы да дауға қалды

Видео скрині
Видео скрині
Бұл жолы – салық мәселесі.

Белгілі стенд-ап комик Нұрлан Сабуров тағы да даудың ортасында қалды. Бұл жолы мәселе әзілге емес, салық төлемдеріне қатысты болып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ресейдің салық қызметі комикке тиесілі "Сабр Продакшн" компаниясында заңбұзушылықтарды анықтаған. Мәліметтерге сәйкес, компания табыс тапқанына қарамастан шамамен 800 мың рубль көлемінде салық төлемеген. Бұл сома теңгемен есептегенде 5 миллионға жуық қаражатты құрайды.

Сонымен қатар, фирманың заңды мекенжайы нақты орналасқан жеріне сәйкес келмейтіні де белгілі болған. Егер анықталған бұзушылықтар уақытылы жойылмаса, компанияға айыппұл салынып, кейін қызметі толық тоқтатылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз